2. Жеке тұлғалар: 1) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи ресурстарға ұқыпты
қарауға;
2) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаны
қорғауға және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған
шараларды iске асыруға жәрдемдесуге;
3) өз кiнәсiнен экологиялық қауiпсiздiкке төнуi мүмкiн қатердi
болдырмауға;
4) өз қызметiн Қазақстан Республикасының экологиялық
заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға мiндеттi.
3. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген өзге де құқықтары мен мiндеттерi болады.