Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


-бап.  Жеке  тұлғалардың  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы



Pdf көрінісі
бет109/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯ-ЖӘНЕ-ТҰРАҚТЫ-ДАМУ-1

 
13-бап.  Жеке  тұлғалардың  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 
құқықтары мен мiндеттерi 
  1. Жеке тұлғалардың: 
1) өздерiнiң өмiрi мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға; 
2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөнiндегi шараларды 
жүзеге асыруға; 
3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бiрлестiктерi мен қорларын 
құруға; 
4)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгiленген 
тәртiппен  мемлекеттiк  органдардың  қоршаған  ортаға  қатысты 
мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға; 
5)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қоршаған 
ортаны  қорғау  саласындағы  жиналыстарға,  митингiлерге,  пикеттерге, 
шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға; 
 6) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға қоршаған ортаны қорғау 
мәселелерi бойынша хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге 
және оларды қарауды талап етуге; 
7)  мемлекеттiк  органдар  мен  ұйымдардан  уақтылы,  толық  және 
дұрыс экологиялық ақпарат алуға; 
8)  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелерi  бойынша  нормативтiк 
құқықтық  актiлер  жобаларын  әзiрлеу  кезеңiнде  оларды  талқылауға 
қатысуға және әзiрлеушiлерге өз ескертпелерiн ұсынуға; 
9) қоршаған ортаға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды 
дайындау процесiне қатысуға; 
10)  қоғамдық  экологиялық  сараптама  өткiзу  туралы  ұсыныс 
жасап, оған қатысуға; 
11)  кәсiпорындарды,  құрылыстар  мен  экологиялық  жағынан 
қауiптi өзге де объектiлердi орналастыру, салу, реконструкциялау және 
пайдалануға  беру  туралы,  сондай-ақ  жеке  және  заңды  тұлғалардың 
қоршаған  орта  мен  адам  денсаулығына  терiс  әсер  ететiн  шаруашылық 
және  өзге  де  қызметiн  шектеу  мен  тоқтату  туралы  шешiмдердiң 
әкiмшiлiк немесе сот тәртiбiмен күшiн жоюды талап етуге; 
12)  Қазақстан  Республикасы  экологиялық  заңнамасының 
бұзылуы  салдарынан  өздерiнiң  денсаулығы  мен  мүлкiне  келтiрiлген 
зиянның өтелуi туралы сотқа талап-арыз беруге құқығы бар. 
 
 
 
 
 


 
 
151 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет