50
ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Оқу құралы
ден 388-ге дейін көбейді. Қалалар құрылықтың аз ғана бөлігін алып
жатыр, алайда мұнда бүкіл халықтың жартысына жуығы тұрып
жатыр.Урбанизация процесінің дамуына байланысты қалалық
ортаның көптеген проблемалары (урбанистикалық, құрылыс-
архитектуралық, технологиялық, әлеуметтік, экологиялық) пайда
болды. Онда қала саны мен көлемінің өсуі, өнеркәсіп орындарының,
көліктің, тұрғындар санының артуы да бар. Ауыл тұрғындарының
қалаға көшуіне байланысты ауыл мен қала тұрғындарының саны
үнемі өзгеріп отырады. Қала халқының саны және қалалар саны мен
көлемдері де өсуде. Қала халқының сандық пайызы әлемнің
аймақтарында әртүрлі. Ең үлкен көрсеткіштер әлемнің дамыған елдері
– Солтүстік Америка мен Еуропаның үлесінде (70%-дан жоғары), ал
ең төменгі көрсеткіш – Азия және Африка елдерінің еншісінде.
Үлкен қалалар өздерінің маңайымен және кішкене қалалармен
қосылып, ұзындығы жүздеген километрге жететін урбанизацияланған
ареалдардың (мегаполистердің) түзілуіне алып келді. Қазіргі кезде ең
ұзын мегаполис «Босваш» (Бостон- Вашингтон) 500-дей қаланы
біріктірді. Мұнда АҚШ халқының 20% (45 млн адам) тұрады. Түнгі
уақытта бұл аумақ Жер спутниктерінен жарық дақ сияқты көрінеді.
Мұндай урбоареалдардың саны әлемде 10-нан асты. Оның
әрқайсысы 30- 40 агломерацияларды біріктіреді. Қалалардың
демографиялық және экономикалық тұрғыдан өсуі әсерінен экожүйеге
техногенді әсердің артуы тек қала маңында ғана емес, олардан
біршама қашықтықтарда да айқындала бастады. Осыған байланысты
қаланың экологиялық жағдайы көптеген өнеркәсіпті қалаларда
нашарлап кетті. Қалалар планетамыздың азғана бөлігін алып жатуына
байланысты, қалған табиғаттың бөлігін аман сақтап қалуға мүмкіндік
бар. Қалалар - адамзаттың болашағы. Урбанизацияның экожүйелер
үшін жағымсыз болуы міндетті түрде емес, ал оны экологияландыру
жағымды құбылыс. Қала және қалалық орта сонда өмір сүретін
халықтың қажеттіліктерін өтеуге, денсаулығына, өмір сапасына қатты
әсер етеді. Сондықтан қазіргі таңда қалалық ортаны экологияландыру
адамзат үшін өмірлік қажеттілік болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: