сипатталған принцип бойынша тəптіштелуі керек.
19
масына шолу жасау мақсатында, алдымен, жеке элементтер дер-
бес блоктарға топталады, содан кейін олар бір-бірімен байланыс-
тырылады. Блоктар принципі, программалау саласынан алынған
тəсiлдердің жалпы білім беру күші қаншалықты бола алатындығын
айқын көрсетеді.
Блоктардан аяғына дейін алгоритм құруда ымырасыз əртүрлі екі
тəсіл болуы мүмкін:
а) блоктың тəптіштелген сипаты алгоритмнің сəйкес жеріне ор-
наласады, ал блок өзінің алгоритмді іздеудiң жалпы тəсілі рөлін та-
мамдап, оған “сіңіп” кеткендей болады.
ə) блоктар мазмұны алгоритмге кірмейді, ал оның сəйкес орында-
рында жеке орналасқан блоктарға сілтемелер орналасады; басты ал-
горитм мен оның жеке блоктары (көмекші алгоритмдер) жиынтығы
қорытынды алгоритм болып саналады.
6. Тармақталу принципі. Алгоритмді сипаттауға қолданылатын
тiлдердiң алгоритмдік толықтығы талабы алгоритмдiк жазбалар-
да логикалық жағдайларды, яғни бастапқы берiлген шарттарға
байланысты шешiм қабылдауды талап ететін жағдайларды жүзеге
асыру мүмкiндiгiн беретiн құралдардың болуын қамсыздандыруы
керек. Осындай алгоритмдерді ұйымдастыру тілдің логикалық
(тармақталушы) құралдарын икемді қолдана білудi талап етеді.
Мұнда төмендегілерді:
а) сипаттама бастапқы берілгендердің барлық мүмкін нұсқаларын
алдын ала ескеруі керектігін жəне олардың əр комбинациясы үшiн
нəтижелі болуы қажеттігін;
б) бастапқы берілгендердің нақты мəндері үшін алгоритмнiң
орындалуы нақты шарттармен анықталатын жолдардың тек бiреуi
бойынша ғана жүзеге асырылатындығын жете түсіну алгоритмдік
сауаттылықтың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
7. Циклдiк принцип. Алгоритмдік сипаттамалардың тиімділігі,
көп жағдайда, енетiн шамалардың əртүрлі мəндері үшiн
сипаттамалардың белгілі бiр үзiндiлерін бірнеше рет пайдалану
мүмкіндігімен анықталады. Сипаттамаларды құру тура осындай
тəсілге, осы сипаттамаларда қарастырылған əрекеттер ауқымының
өсуінен ұзамайтын сипаттамалар құруға негізделген. Сипаттаманың
бiр үзiндiсін қайталап жүргізуге оралу тілдің логикалық құралдарын
қолдану арқылы ұйымдастырыла алады, бірақ тілдің циклдік
алгоритмдерді ұйымдастыратын арнайы құралдары да болуы
20
мүмкін (мысалы, жоғары деңгейлі тілдердегі цикл операторлары).
Қай жағдай болмасын, алгоритмдік мəдениеттің маңызды құрамды
бөлігi мұнда циклдік үдерістің жалпы жұмыс істеу схемасын
түсіну, əсiресе, алгоритмді құру барысында циклдің қайталанатын
(жұмысшы) бөлігін ажырата білу біліктілігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: