1. Алфавит, алфавиттің қуаттылығы.
3. Алфавиттік көзқарас тұрғысынан мəтіннің ақпараттық көлемі.
альтернативті болып табылады.
барлық алфавит символдарының көрінуі ықтималдылығы бірдей.
296
тең: К: I = i*K. Бұл өлшемді мəтіннің ақпараттық көлемі деп атауға
болады. Мұндай ақпаратты өлшеу тəсілі көлемдік тəсіл деп аталады.
Ақпаратты тасымалдауға жарайтын алфавиттің минималды
қуаттылығы 2-ге тең. Мұндай алфавит екілік алфавит деп аталады.
Екілік алфавиттегі символдың ақпараттық салмағын жеңіл
анықтауға болады. 2
i
= 2 болғандықтан, i =1 бит. Сонымен, екілік
алфавиттің бір символы 1 бит ақпаратты білдіреді. Осыған орай
оқушылар компьютердің ішкі тіліндегі алфавитпен – екілік код
тілімен танысады.
Бит – ақпаратты өлшеудің негізгі бірлігі. Одан басқа да бірліктер
қолданылады. Оқушылардың назарын кез келген метрикалық
жүйеде негізгі (эталондық) жəне одан шығатын туынды бірліктер
бар екендігіне аудару керек. Мысалы, негізгі ұзындықтың физикалық
бірлігі – метр. Бірақ миллиметр, сантиметр, километр өлшемдері де
бар. Əртүрлі өлшемнің арақашықтығын əртүрлі бірліктер арқылы
өрнектеген ыңғайлы. 1 бит – бұл бастапқы бірлік. Келесі өлшем
бойынша бірлік – байт. 256 = 2
8
, онда 1 байт = 8 бит. Біз тағы да
болашақта компьютерді оқып-үйренудің өзіндік пропедевтикасы бо-
лып табылатын тақырыппен кездесеміз. Аталған тақырып аясында
оқушыларға компьютер мəтінді жəне басқа символдық ақпаратты
сырттай көрсетуге арналған 256 қуаттылықпен алфавитті пайдала-
нады (ішкі түсінікте компьютердегі кез келген ақпарат екілік алфа-
витте кодталады). Компьютерлік ақпараттың көлемін өрнектеу үшін,
негізгі бірлік ретінде байт қолданылады.
Оқушыларға килобайт, мегабайт, гигабайт тəрізді ірі бірліктерді
айта отырып, олардың назарын біз «кило» сөзін 1000 рет арттыруды
қабылдау үшін қолданатынымызды ескерткен жөн.
Информатикада бұлай емес. Килобайт байттан 1024 рет артық, ал
1024 = 2
10
. Сонымен қатар «мега» «килоға» қарағанда т.с.с. Дегенмен
жуықтап есептеулерде 1000 коэффициентін жиі қолданады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «ақпарат» (мазмұндық жəне кибернетикалық тəсілдер);
«ақпарат саны», «ақпарат санын өлшеу бірліктері» ұғымдарын
білуі
керек;
– ақпарат түрлеріне, ақпаратты жəне ақпаратты емес
хабарламаларға мысалдар келтіре білуді; əртүрлі бірліктегі
ақпараттар санын қайта санауды (бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт)
Достарыңызбен бөлісу: