309
өрнектің шартына қарамастан экранға шығарылады. Əдетте шартты
функция мынандай құрылымда болады:
IF(шарт, 1-əрекет, 2-əрекет).
Мұнда «шарт» – логикалық өрнек. Егер шарт ақиқат болса, онда
1-əрекет орындалады, əйтпесе 2-əрекет орындалады.
Қарапайым логикалық өрнек өзара байланысты ұсынады (бұл
ұғым мəліметтер қорында қолданылады). Күрделі логикалық
өрнек логикалық амалдардан тұрады. Электрондық кестелер үшін
логикалық өрнектің ерекшелігі логикалық операциялар функция
ретінде қолданылуында, алдымен логикалық амалдардың аты жа-
зылады: ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС (AND, OR, NOT), содан кейін
дөңгелек жақшаның ішіне логикалық амалдар жіктеледі. Мысалы,
AND (А1 > 0, А1 < 1) логикалық өрнегі 0 < А1 < 1 теңсіздігінің
математикалық жүйесіне сəйкес келеді.
Логикалық формулалар ЭК ұяшықтарында шартты функцияның
қолдануынсыз өзімен-өзі орналаса алады. Мұндай жағдайда осы
ұяшықта АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мəндері көрсетіледі. Мысалы,
егер талапкердің қорытынды емтиханнан жинаған баллдарының
қосындысы С6 ұяшығында сақталып, ал институтқа өту балы 14-ке
тең болса, онда С6>=14 формуласын D6 ұяшығына орналастырып,
біз осы ұяшықтан егер талапкер институтқа түскен болса АҚИҚАТ
мəнін, ал түскен жоқ болса ЖАЛҒАН мəнін аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: