Дыбыстық ақпараттарды ұсыну. Дыбысты ұсыну тақырыбы
негізгі курс бойынша оқулықтардың мазмұнына енді. Бұл тақырып
мультимедиа технологияның теориялық негiздерiне жатады.
Дыбыстық ақпараттың аналогтық түрде сақталуына винилды
күйтабақ (дыбыстық жолақ өз формасын үздіксіз өзгертіп отыра-
ды), ал дискреттік түрде сақталуына – аудиокомпакт-диск (оның
дыбыстық жолағы түрлі бейнелеу мүмкіндігі бар бөліктерден
тұрады) мысал бола алады.
Қазіргі заманғы компьютерлер дыбысты ойнатып (сөйлеуді, му-
зыканы т.б.) жəне сақтай «алады». Дыбыс кез келген басқа ақпараттар
сияқты екілік код түрінде ЭЕМ жадында ұсынылады.
Дыбысты кодтаудың негiзгi принципі кескінді кодтаған
сияқты «дискреттеу» сөзімен айқындалады. Дискреттеу – бей-
не мен дыбыстың үздіксіз сигналдарын, олардың əрқайсысына
оның кодының мəні меншіктелетін, дискреттік мəндер жиынына
түрлендіру болып табылады [3].
Дыбыстың физикалық түп негізі – бұл нақты жиiлiктер
ауқымында дыбыс толқынымен ауа арқылы (немесе басқа серпiмдi
ортаны) берiлетiн тербелiстер. Компьютердiң жадында дыбыс
толқындарын екiлiк кодқа түрлендіру үдерісі:
дыбыс толқыны
МИКРОФОН айнымалы электр тогы
Достарыңызбен бөлісу: |