Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет138/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Символдық  ақпараттарды  ұсыну.  Қазіргі  таңда  ЭЕМ-нің 

көптеген қосымшаларының бірі мəтінмен жұмыс жасау болып табы-

лады. «мəтіндік ақпарат» жəне «символдық ақпарат» терминдері си-

нонимдер ретінде қолданылады. Информатикада бұл мəтіндер нақты 

алфавиттерден  құралған  кез  келген  символдардың  жүйелілігімен 

түсіндіріледі. 

Бұлар  арнайы  бір  табиғи  тілдердегі  (ағылшын,  орыс  жəне  т.б.) 

мəтіндердің  бірі  болу  шарт  емес.  Олар  математикалық  немесе 

химиялық  формулалар,  телефон  нөмірлері,  сандық  кестелер  жəне 

тағы басқалай болуы мүмкін. Мəтіндерді сырттай ұсыну үшін ЭЕМ-

да  қолданылатын  символдар  жиынын  компьютердің  символдық 

алфавиті деп атаймыз. 

Бастапқы  міндет – оқушыларды  компьютердің  символдық 

алфавитімен таныстыру. Олар:

 

– компьютердің алфавиті 256 символдан тұратынын;



 

– жадыда əрбір символ 1 байт орын алатынын білуі тиіс. 

Ары  қарай  кодтау  кестелері  туралы  ұғымды  қарастыруымызға 

болады. Кодтау кестесі – бұл əрбір алфавит символына өзінің реттік 

нөмірі сəйкес құрылатын стандарт. Ең кіші нөмір – 0, ең үлкен – 256.

Символдың  екілік  коды – бұл  екілік  санау  жүйесіндегі  оның 

реттік  нөмірі.  Басқаша  айтқанда,  кодтау  кестесі  компьютердің 

сыртқы  символдық  алфавиті  мен  ішкі  екілік  көрсетілім  арасында 

байланыс орнатады. 

ASCII кестесі дербес компьютерлер үшiн халықаралық стандарт-

та  болды.  Практикада  басқа  да,  əлемдік  компьютерлік  желілерде, 

Unix операциялық жүйесімен басқарылып жұмыс жасайтын ЭЕМ-

да қолданылатын – ААК-8 (Ақпаратпен Алмасу Коды) кестелерімен 

кездесуімізге болады. 

Оқушылардан символдардың кодтарын есте сақтап алуын талап 

етудің қажеті жоқ. Дегенмен кодтау кестелерінің кейбір ұйымдастыру 

принциптерін  бiлуi  керек.  Анықтамалар  жинағы  мен  оқулықтар 



314

қатарында  берілген ASCII кодының  кестесін  оқушылармен  бірге  

қарастыру  керек.  Оқулықтарды  жəне  анықтамалардағы  қатар 

келтiрiлген  кестесiн  оқушылармен  бiрге  қарап  шығу  керек.  Ол  екi 

бөлiкке бөлінеді. Оның тек бірінші бөлігі ғана Халықаралық стан-

дартты  болып  табылады,  яғни 0-ден 127-ге  дейінгі  нөмірлермен 

берілген  символдар.  Бұған  латын  алфавитінің  кіші  жəне  бас 

əріптері,  ондық  цифрлар,  тыныс  белгілері,  барлық  жақшалар  түрі, 

коммерциялық жəне басқа символдар кіредi. 

0-ден 31-ге дейінгі нөмірлермен берілген символдарды басқарушы 

деп  атау  қабылданған.  Олардың  функциясы – мəтін  нəтижесін 

экранға немесе қағазға шығару, дыбыстық сигналдарды беру, мəтінді 

белгілеу  жəне  тағы  басқа  үдерісімен  басқару  болып  табылады. 

32-ші нөмір символы – бос орын, яғни мəтіндегі бос позиция. Қалған 

барлығы  нақты  таңбамен  көрсетіледі.  Оқушылардың  назарын  ла-

тын  алфавитінің  əріптерін,  сонымен  бірге  цифрларды    орналасты-

руда жүйелі кодтау принципін бұзбауға аудару керек. Бұл принцип-

те  оқушылардың  алғаш  рет  мəліметтер  қорымен  жұмыс  жасауда 

кездесетін ақпараттарды сұрыптау мүмкіндіктері негізделеді.

Кодтық кестенің екінші бөлігі əр түрлі нұсқаларда болуы мүмкін.

Ең  алдымен  ол  латын,  ұлттық  алфавиттерін  орналастыру  үшін 

қолданылады. Орыс алфавиті – кирилицаны кодтау үшін кестелердің 

əртүрлі  нұсқалары  қолданылғандықтан,  орыс  мəтіндерін  бір  ком-

пьютерден  басқа  компьютерге,  бір  программалау  жүйесінен  басқа 

жүйеге тасымалдауда мəселелер жиі туындайды. 

128-255 аралығындағы кодтау кестесінің символдары кодтық бет 

деп аталатынын жəне оның нұсқасының өзіндік нөмірі болатынын 

оқушыларға жеткізуге болады. Мысалы, MS-DOS-та нөмірі 866-шы 

кодтық беті, ал Windows-та 1251 нөмірі қолданылады. 

Қосымша  ақпарат  ретінде  символдық  кодтарды  стандарттау 

мəселелері Unicode деп  аталатын  жаңа  халықаралық  стандартты 

енгізумен  шешілетінін айтуға болады. 

Бұл 16-разрядтық  кодтау,  яғни  онда  əрбір  символға  жадының             

2 байт орны беріліп отырады. Əрине, мұндайда жадтың көлемі 2 есе 

ұлғаяды. Бірақ мұндай кодтық кесте 65536 символға дейін енгізуге 

жол ашады. Онда алуан түрлі ұлттық алфавиттерді кіргізуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет