Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет18/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

                    ǗǙǛlj                   У  

 

X

                                

Y

 

ǯéDzǮ



 

        




1-сурет

Кибернетиканың  дамуы  елімізде  тартысты  кезеңдерді  ба-

сынан  өткізді  (Кеңес  Социалистік  Республикалар  Одағында 

информатиканың  қалыптасуы  туралы  толық  мəлiметтер  мен 

фактiлер  Д.  А.  Поспеловтың [1] мақаласында  жеткiлiктi 

келтiрiлген).  Кеңес  Одағында  кибернетиканың  ресми  мойын-

далуына    көп  еңбек  еткен  А.  И.  Берг 1960 жылдардың  басын-

да  былай  деп  жазды: «…1955-57 жылдары,  тіпті,  одан  кейін  де 

əдебиеттерде  кибернетиканың  маңыздылығы  мен  мүмкіндіктерін 

бағалауда үлкен қателiктер жіберілді. Бұл ғылымның біздің елімізде 

дамуына  үлкен  зиян  келтіріп,  көптеген  теориялық  қағидалар 

мен  электрондық  машиналар  жасауды  тежеуге  алып  келдi” [2]. 

«Қысқаша философиялық сөздiктiң» (1954) төртінші басылымында 

кибернетикаға  «АҚШ-та  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  пай-

да  болған  жəне  басқа  капиталистік  елдерде  де  кең  дами  бастаған 

реакциялық  жалған  ғылым,  қазiргi  кездегi  механизмнің  түрі»  де-

ген  анықтама  берiлгендiгiн  айту  жеткiлiктi [3]. Таза  идеологиялық 

мотивтерден  басқа,  бұл  құбылыстың  себебі,  біріншіден,  жаңа  өте 

жақсы дамып келе жатқан ғылымды «классикалық» бағыттағы жеке 

оқымыстылардың бағаламауы болса, екіншіден, əртүрлi салалардағы  

кибернетиканың    нақтылы  мəселелерiн  белсендi  түрде  жасаудың 

орнына, бұл ғылымды дискредитациялап (сенімсіздендіріп),  оның 

шексiз мүмкiндiктерi туралы жартылай фантастикалық болжамдарға 

алып сатарлық жол берушілердің шамадан тыс бос сөзділігі.

Бірақ,  идеологиялық  кедергілерден  құтылып,  ғылым  ретінде 

мойындалғаннан  кейін  де (1959 жылы  Кеңес  Социалистік  Рес-

публикалар  Одағының  ғылым  Академиясында  “Кибернетика” 



37

кешендi  мəселесi  бойынша  Ғылыми  кеңес  құрылды)  кибернетика 

үшiн  қиыншылықтар азайған жоқ. Өйткені, кибернетиканың дамуы 

ұзақ  уақыт  бойы  үлкен  мемлекеттік  жобаларды  жүзеге  асырудағы 

сəтсіздіктерімен қатар жүрді. Осы мəселемен ары қарай танысқысы 

келген оқырмандарға мамандардың бағалауына сілтеме жасай отыра, 

келтірілген 1980 жылдардың  ортасында  қалыптасқан  жағдайларға 

шолуды [4] ұсынамыз.

Енді кибернетика негізінде информатиканың қалыптаса бастауы 

туралы  мəселеге  терминологиялық  тұрғыдан  келейік. «Кибернети-

ка» термині пайда болғаннан кейін дүниежүзілік ғылымда «Computer 

Science»  (компьютерлiк  ғылым)  ағылшын  сөзі  пайдалана  бастады. 

Бұл термин қазір де АҚШ, Канада жəне кейбір латын-америкалық 

континентi  елдерінде  компьютерлер  мен  телекомуникациялық 

жүйелер  көмегімен  ақпаратты  өңдеу,  сақтау,  тарату  үдерістерін 

зерттейтін ғылым мен оқу пəнінің аттары ретінде кең тараған [5].

Сəл  кейінірек  ХХ  ғасырдың 60-70 жылдар  аралығында  фран-

цуздар  «informatigue» (информатика)  терминiн,  яғни  француздың 

«informatione» (информация)  жəне  «avtomatigue» (автомати-

ка)  деген  сөздерінен  құралатын  терминді  енгізді.  Жаңа  термин 

Кеңес  Социалистік  Республикалар  Одағында  (демек,  кейін  ТМД 

елдерінде),  Батыс  Еуропа  елдерiнде  кеңiнен  тарай  бастады.  Ерте-

ректе (шамамен 1960 жылдар ортасында) орыс тілінде «информати-

ка» терминінің қолданылуы ғылыми-техникалық ақпараттың нақты 

саласы мен документалистикаға байланысты болғанын айта кеткен 

жөн [6]. Үлкен  Кеңестiк  энциклопедияда  информатика  «ғылыми 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет