Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ ПƏНІ



Pdf көрінісі
бет17/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

2-ТАРАУ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ƏДІСТЕМЕСІ ПƏНІ

2.1 Информатика ғылым жəне оқу пəні

Информатика ғылым ретінде өткен ғасырдың екінші жартысында 

пайда  болып,  қалыптаса  бастады.  Информатиканың  зерттеу 

саласы – ақпараттың  құрылымы  мен  жалпы  қасиеттері,  сонымен 

қатар  ақпаратты  іздеу,  жинақтау,  сақтау,  түрлендіру,  тарату  мен 

адам  қызметінің  алуан  түрлі  салаларына  пайдалану  үдерістеріне  

байланысты мəселелер. Ақпараттың ауқымды көлемі мен ағымдарын 

өңдеу автоматтандырусыз жəне коммуникация жүйелерінсіз мүмкін 

емес, сондықтан да электрондық есептеу машиналары мен заманауи 

ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялар информатиканың 

iргелi ядросы да, материалдық базасы да болып табылады.

“Информатика”  термині  (бірінші  азат  жолда  қолданылғандай 

мағынада)  əдебиеттерде  кейінгi  кезде  ғана  пайдаланылуда,  оның 

үстіне оның түсіндірмесін əлі күнге дейін қалыптасып, қабылданған 

деуге  болмайды. “Информатика”  ұғымының  (сол  сияқты  одан 

туындаған  ұғымдар)  өз  мəніне  байланысты  терминологиялық 

жəне  ұғымдық  қиыншылықтар  əлі  күнге  дейін  шешілген  жоқ. 

Электрондық  есептеуіш  машиналардың  пайда  болған  уақытынан 

басталатын мəселе тарихына көшейік.

Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  кибернетика  əр  түрлі – 

жасанды, биологиялық, əлеуметтік табиғатты  жүйелердегі басқару 

мен байланыс туралы жалпы ғылым ретінде қарқынды дами бастады.

Кибернетиканың  пайда  болуын,  əдетте, 1948 жылы  америка 

математигі  Норберт  Винердің  «Кибернетика  немесе  жануарлар 

мен  машинадағы  байланыс  пен  басқару»  кітабының  шығуымен 

байланыстырады.  Осы  жұмыста  басқарудың  жалпы  теориясын 

жасаудың жолдары көрсетіліп, əр түрлі жүйелер үшiн басқару жəне 

байланыс проблемаларын бір тұрғыдан қарастыру əдістерінiң негiзi 

қаланған.  Кибернетика  электрондық  есептеу  машиналарының 

өрлеуімен  бірге  дами  отырып,  уақыт  өте  ақпаратты  түрлендiру 

туралы жалпы ғылымға айналды. Кибернетикада ақпарат деп қандай-

да бiр жүйенiң қоршаған ортадан қабылданатын (Х кiру ақпараты), 




36

қоршаған ортаға берілетiн (Y шығу ақпараты), сонымен қатар өзiнде 

сақталатын (Z ішкі жүйелiк ақпарат) сигналдардың, əсерлердiң не-

месе мəліметтердің кез келген жиынтығы түсініледі (1-сурет).

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет