Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Электр энергиясының төлем тізімдемесі



Pdf көрінісі
бет207/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Электр энергиясының төлем тізімдемесі

Ай

Есептеуіш

Вт/сағ-қа 

шығын

Төлем

Желтоқсан

4000

Қаңтар


4200

–В4-В3


–С4*2

Ақпан


4350

–В5-В4


–С5*2

Наурыз


4475

=В6-В5


=С6*2

1-типтегі  есептерді  шешу  кезінде  болатын  негізгі  əдістемелік 

мəселелерді  мынандай  тапсырмалар  мысалында  қарастырайық: 

есепші  құралының  көрсеткіштері  бойынша  электр  энергиясының 

шығындарының ай сайынғы төлемін жəне 1кВТ/сағ құнын есептеу 

кестесін құру.

Есепті шешуді кестені жобалаудан бастау керек. Бұл оқушылар 

үшін  неғұрлым  күрделі  кезең  болып  саналады.  Алдымен,  электр 

шығындары  үшін  төлемді  есептеу  алгоритмін  түсіндіру  керек, 

себебі  бұл  барлық  балаға  бірдей  белгілі  емес.  Есепші  құралының 

көрсеткіші əр айдың соңында алынады.

Электр энергиясының шығындары бір ай үшін осы айдағы жəне 

алдыңғы  айдағы  есепші  құралының  көрсеткіштерінің  айырмасы 

ретінде  анықталады.  Содан  соң  төлем  1кВт/сағ  бағасына  шығын 

көбейтіндісімен  анықталады.  Қаңтар  айындағы  электр  энергия-

сы  төлемін  анықтау  үшін  есепші  құралының  қаңтар  айындағы 




384

жəне  өткен  жылдың  желтоқсан  айындағы  көрсеткіштерін  білу  ке-

рек.  Осы  айтылғандардан  қай  шамалардың  бастапқы  мəліметтер 

екенін,  қайсысы  формулалармен  есептелетін  мəліметтер  екендігін 

анықтау керек. Бастапқы мəліметтер – əр айдағы есепші құралының 

көрсеткіштері  жəне 1 кВт/сағ  құны,  ал  есептелетін  мəліметтер – 

электр энергиясының ай сайынғы шығындары жəне төлем сомасы.

Енді  кестені  құруға  көшуге  болады.  Оқушыларға  кестені 

безендірудің  кейбір  ережелерін  айта  кету  керек.  Біріншіден, 

кестенің міндетті түрде атауы болуы керек. Кестенің жолдары мен 

бағандарының  аты  болуы  керек.  Мұғалім  біртіндеп  оқушыларды 

безендірілген  құжатты  алу  үшін  кестені  форматтаудың  негізгі 

құралдарымен  таныстыруы  керек.  Кестенің  бастапқы  бөлігі 

14.3-кестеде  көрсетілген (1 кВт/сағ 2 теңгеден,  ал  төлем  теңгемен 

есептеледі).

Кестелік  процессормен  жұмыс  кезінде  формулаларды  көшіру 

тəсілін қолдану керек. С4, D4 ұяшықтарында формулалар бастапқы 

болып  табылады.  Олардан  төмен  орналасқан  барлық  формулалар 

көшіру  арқылы  алынған.  Осы  мысалдан  оқушылар  салыстырмалы 

адрестеу принципінің мағынасын анық түсінеді. Ол формулаларды 

қайта-қайта жазбай-ақ үлкен кестелерді жасауға мүмкіндік береді.

Осы есепті талдау абсолютті (қатып қалған) адрестеуді қолдануға 

əкеледі. 1кВт/сағ бағасын жеке ұяшықта сақтаған ыңғайлы (мысалы 

В16 ұяшығында), ал D4 ұяшығында С4*$B$16 формуласы жазылған. 

Осы формуланы көшірген кезде абсолютті адрес өзгермейді. Ал егер 

1 кВт/сағ бағасы өзгеретін болса, онда тек бір ұяшықта (В16) өзгеріс 

жасаса жеткілікті.

Сандық кестелерде əртүрлі қорытынды мəліметтер жиі есептеледі. 

Атап  айтқанда:  қосынды,  орташа  мəн,  мəндердің  ең  үлкен    жəне 

ең  кіші  мəндері.  Осындай  мəліметтерді  алу  кестені  статистикалық 

өңдеу деп аталады. Барлық кестелік процессорларда ол үшін сəйкес 

функциялар  бар.  Жоғарыда  қарастырылған  есепке  мəліметтерді 

статистикалық өңдеу тапсырмасын қосуға болады. Мысалы, электр 

энергиясының төлемі кестені 1 жылға төленген ақшаның барлық со-

масын  (СУММ()  функциясы),  электр  энергиясының  орташа  айлық 

шығынын (СРЗНАЧ() функциясы), айлық төлемнің ең үлкенін жəне 

ең төменін (МАКС(), МИН() функциялары) есептеулер қосуға бола-

ды.



385

14.4-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет