Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет204/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

білуі керек;

 

– беттерді  нөмірлеруді,  тізімдерді,  сілтемелерді,  мазмұнды 




377

қолдана отырып мəтінді құрылымдауды, сөздердің дұрыс жазылуын 

тексеруді, мəтінде кестелерді, суреттерді қоюды істей білуі керек;

 

– ақпараттық  нысандарды  жасауда,  сипаттамалар  түрінде 



нысандардың жəне үдерістердің қарапайым модельдерін құруда, оқу 

жұмыстарын  нəтижелерін  рəсімдеуде,  жеке  жəне  топтық  жобалар-

ды оқуда, нарықта қажет болатын мамандықтарын меңгеруде алған 

білім  жəне  біліктіліктерін  күнделікті  өмірдегі  тəжірибелік  іс-

əрекетінде пайдалана білуі керек.

14.2 Графикалық ақпаратпен жұмыс істеу 

технологиясы

Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар

Компьютерлік  графика – ЭЕМ-нің  қолданылуының  жаңа 

аумағы екенін айта кету керек. Алғашқы екі буынның машиналары 

тек  сандық  жəне  символдық  ақпаратпен  ғана  жұмыс  істеді.  ЭЕМ-

нің  үшінші  буынында  машиналық  графика  құралдары  пайда  бо-

лады,  бірақ  олар  негізінен  арнайы  сипаттамаға  ие  болды,  арнайы 

техникалық  жəне  программалық  құралдардың  қолданылуын  қажет 

етті. Компьютерлік графика ЭЕМ-нің тек төртінші буынында, яғни 

дербес  компьютерлердің  таралуында  ғана  жалпы  қолданысқа  енді 

(6-қосымша).

[4]  оқулықта  компьютерлік  графиканың  əртүрлі  қосымшалары 

қарастырылған.  Оларға  ғылыми  графика,  іскерлік  графика, 

конструкторлық  графика,  иллюстративті  графика,  көркем  жəне 

жарнамалық графика, компьютерлік анимация жатады.

Компьютерлік графика – оқушылардың ол туралы əңгіме естімей, 

нақты көргісі келетін ақпараттық технологиялардың бір аймағы. Сол 

себепті  компьютерлік  графиканың  əртүрлі  өнімдерін  компьютерде 

демонстрациялаудың  мəні  зор,  мысалы:  əдемі  салынған  суреттер, 

сызбалар, сұлбалар, диаграммалар, анимациялық бейнелер жəне үш 

өлшемді графика.

Информатиканың  негізгі  курсының  осы  тарауының  теориялық 

мазмұнына  компьютердің  жадысында  кескіндерді  көрсетудің 

сұрақтары жатады.

Графикамен  жұмысқа  арналған  көптеген  қолданбалы  програм-




378

малар  бар.  Компьютерлік  графиканың  əрбір  тарауы  үшін  өзінің 

программалары  бар.  Мысалы,  ғылыми  мəліметтерді  графикалық 

өңдеу үшін Grapher бағдарламасы қолданылады; инженер-конструк-

торлар сызбаларды дайындау үшін AutoCad пакеттерін қолданады; 

статистикалық мəліметтерді көрсететін диаграммаларды тұрғызуға 

арналған іскерік графика үшін арнайы пакеттер бар.

«Графиктік  редактор»  атауы  арнайы  бағыты  болмайтын  жəне 

сканерленген кескіндерді редакторлау немесе еркін сурет салу үшін 

қолданылатын қолданбалы программаларға қатысты қолданылады. 

Графикалық  ақпаратты  көрсетудің,  яғни  растрлық  жəне  векторлық 

принциптеріне  сəйкес  графиктік  редакторлар  растрлық  жəне 

векторлық редакторлар болып бөлінеді.

Қарапайым  растрлық  редакторға MS Windows-тың  стандартты 

қосымшаларының құрамына кіретін Paint программасы жатады.

Adobe Photoshop растрлық  редакторын  кəсіби  дизайнерлер 

қолданады.  Көбінесе  сканерленген  кескіндерді  (фотоларды,  карти-

наларды  қайта  өңдеу)  редакторлауда  қолданады,  көркем  компози- 

цияларды, коллаждарды жəне т.б. жасайды.

Компьютерде  кəсіби  сурет  салу  үшін  векторлық  редак-

торлар  қолданылады.  Олардың  ішіндегі  кеңінен  таралғаны – 

CorelDraw.  Бұл  мүмкіндіктері  көп,  сондай-ақ  «балалардың  көркем 

шығармашылығына» толық сəйкес келетін кəсіби редактор.

Компьютерде тəжірибелік жұмысты ұйымдастыруға нұсқаулар

Оқушылардың 

басым 

көпшілігі 



графиктік 

редакторда 

ризашылықпен сурет салады. Тəжірибелік тапсырмаларды орындау 

барысында  оқушылардың  сурет  салуға  деген  əртүрлі  қабілеттері 

мейлінше  байқалады.  Сөзсіз,  информатика  сурет  салу  сабағы 

емес, тіпті кез келген информатика мұғалімінің сурет салу қабілеті 

болмауы да мүмкін. Мұғалімнің мақсаты сурет салу құралы ретінде 

графиктік редактордың барлық мүмкіндіктерін көрсету. Paint сияқты 

редакторлардың  мүмкіндіктері  көп  емес,  осы  тақырыпқа  берілген 

5-6 сабақта оның барлық мүмкіндіктерін толық қарастыруға болады.

Оқушыларға  «Қарындаш»  немесе  «Жаққыш  (кисточка)» 

сайманының  көмегімен  суретті  қолмен  салу  əдетте  сапасыз 

болатындығын түсіндіру керек. Графиктік элементтерді (түзу сызық, 

доға, шеңбер жəне т.б.) неғұрлым көп пайдалану керек. Симметрия 




379

орын  алатын  суреттерде  оқушылар  бұруларды,  шағылысқан 

бейнесін салуды қолдануды үйрету керек. Қайталанатын үзінділері 

бар  суреттерде  көшірулерді  қолдануды  үйренуі  керек.  Растрлық 

редакторда  суреттерді  дайындаудың  тиімді  тəсілі – суреттің 

масштабын  үлкейту  арқылы  суреттің  детальдарын  салу  болып 

табылады, яғни «Үлкейткіш (лупа)» сайманын қолдану.

Векторлық  графиканы  тəжірибелік  меңгеру  барысында [5] 

оқулықта Open Offi ce  Draw  векторлық  редакторын  қолдану 

ұсынылған.  Осы  оқулықта  «Компьютерлік  практикум»  бөлімінде 

GIMP растрлық графиктік редакторы жəне MF редакторы ортасында 

анимациялық  кескіндерді  жасау  бойынша  тəжірибелік  жұмыстар 

қарастырылған.

Н.  В.  Макарованың  ақпараттық  технологиялар  бойынша 

практикумында векторлық графикамен жұмыста Works кіріктірілген 

программалық  жүйенің  құрамына  кіретін MS Draw редакторын 

қолдану ұсынылған [8].

Жоғарыда  аттары  аталған  программалардан  басқа  векторлық 

графикамен  жұмыстың  тəсілдерін  меңгеру  үшін  мұғалім MS Word 

мəтіндік процессорында орнатылған векторлық редакторды қолдана 

алады. Себебі, векторлық технологияның барлық негізгі элементтері 

жүзеге асырылған. Сондай-ақ оқушылар MS Word-тың мүмкіндіктері 

туралы толық мағлұматтар ала алады.

[6] оқу құралының компьютерлік графикаға арналған тарауында 

растрлық редакторда кескіндеу үшін суреттер ұсынылған. Өкінішке 

орай,  суреттер  ақ-қара  түсті.  Оқушыларға  суреттерді  өз  бетімен 

бояуға болады. Осы оқу құралында векторлық графиктік редактормен 

жұмысқа арналған тəжірибелік материалдар ұсынылған. Келтірілген 

2 мысал суретті салудың, оның ішінде көлемді суреттерді салудың 

технологиясын  көрсетеді.  Суреттер  растрлық  редакторлар  тапсыр-

маларына қарағанда неғұрлым қызықтырақ. Тəжірибе көрсеткендей, 

көркем өнер қабілеті болмаса да балалардың векторлық редакторды 

қолданып, қарапайым емес суреттерді сəтті салатындығын байқауға 

болады.


Оқыту нəтижесінде оқушылар:

 

– «графиктік  редактор»  ұғымын,  графиктік  редактордың 



қызметін,  графиктік  редактор  ортасының  негізгі  компоненттерін, 

компьютерлік  графиканың  қолданылу  аумағын,  растрлық  жəне 

векторлық графиканың айырмашылығын білу (түсіну) керек;



380

 

– графиктік редактордың негізгі операцияларын қолданып, жо-



балау процесінде нақты нысанның графиктік көрсетілуін, суреттерді, 

сызбаларды салуды істей білуі керек.

 

– ақпараттық  нысандарды,  нысандар  мен  үдерістердің 



қарапайым  модельдерін  кескін  түрінде  жасауда,  сондай-ақ  оқу 

жұмысының нəтижелерін рəсімдеуге, жеке жəне ұжымдық жобалар-

ды орындау барысында, оқуда, еңбек нарығында қажет мамандықты 

меңгеруде  алған  білімдері  мен  біліктіліктерін  тəжірибелік 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет