412
бетінде жеңіл бөлшектердің молекулалармен соқтығыстары əсерінен
орын ауысатын хаостық қозғалыстарын компьютерде көрсету мыса-
лы жатады. Броундық бөлшектердің траекториясын алдын ала есеп-
теу мүмкін емес, бірақ бөлшектердің молекулалармен кездейсоқ
соқтығыстарын модельдей отырып, графикалық анимацияның
қолданып, бөлшектердің хаостық қозғалыстарын көрсетуге болады.
Имитациялық модельдерге бұқаралық қызмет көрсету
жүйелерінің модельдері жатады: сауда, автосервис, жедел жəрдем
жəне т.б., яғни қызмет көрсетуге түскен сұраныстар жəне бір
сұранысқа көрсетілетін қызмет – кездейсоқ оқиғалар. Тағы да
имитациялық модельге қала көшелеріндегі көлік ағындары
қозғалысы жатады. Осындай модельдердің көмегімен жүйелердің
қызметінің тиімді режимдерін табуға болады: қызмет көрсету
жұмыстарының кестесі, көше қиылыстарындағы бағдаршамдардың
жұмысының режимі жəне т.б.
Электрондық кестеде имитациялық модельдің жүзеге асырылуы
көрсетілген [6]. Бұл «Өмір» ойынының типі бойынша эволоюциялық
модель. «Өмір» ойынында кеңістік екі өлшемді екендігі белгілі. Ал
[6] оқулықта ықшамдалған нұсқасы келтірілген, яғни бір өлшемді
өмірлік кеңістік қарастырылған.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «математикалық модельдеу», «компьютерлік математикалық
модель», «компьютерлік тəжірибе», «имитациялық модельдеу», ком-
пьютерде математикалық модельдеудің негізгі кезеңдері ұғымдарын
білуі керек;
– қарапайым математикалық модельмен есептеуіш тəжірибе
жүргізуді, электрондық кестеде күрделі емес математикалық
модельдерді жасай алуы керек;
– нысандар мен үдерістердің дайын моделін қолданып
компьютерлік тəжірибені жүргізу үшін күнделікті өмірдегі
тəжірибелік қызметтен алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті
Достарыңызбен бөлісу: