Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Формальдау жəне модельдеу».
Информатика курсында ақпараттық модельдеу тек оқыту нысаны
ғана емес, əртүрлі өмірлік жəне оқу есептерін шешуде оқушылардың
тəжірибелік жəне танымдық қызметтерінің маңызды тəсілі болып
табылады.
1-сабақ
Тақырып: «Ақпараттық модельдеудің негіздерін жəне жүйе
элементтерін оқыту əдістемесі».
Дидактикалық мақсаты: ақпараттық модельдеу негіздерін
оқытуға əдістемелік тəсілдерді бейнелейтін жалпы кəсіби
дайындықтың білімділік компонентін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формасы: топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдаяттық есептерді
шешу əдістері.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиеттер [1-8].
Студенттердің алдын-ала дайындығы: ақпараттық модельдеу
негіздерін оқытудың əдістемелік тəсілдерімен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |