Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет249/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Оқытудың технологиялық компонеті 

І. Оқу ақпаратын құрылымдау

1-тапсырма. «Жергілікті  желі»  тарауына  қатысты [4,5] 

оқулықтарының ұғымдық аппаратын талдаңыз, ұғымдар арасындағы 

қатынастарды  Эйлер  дөңгелектерінде  көрсетіңіз  жəне 16.1-кестені 

толтырыңыз. 



16.1-кесте

Оқулықтың 

шығыс 

мəліметтері



Ұғымдар арасындағы қатынастар

Теңбе-


теңдіктер

Ішкі 


бағыныштылық

Бағыныштылық



ІІ. Жағдаяттық есептер

1-жағдаят. 

Мұғалімге 

информатика 

пəні 


бойынша 

олимпиаданың  тəжірибелік  турын  жүргізу  үшін  «Веб-сайтты  əзір-

леу» жəне «Интернетте ақпаратты іздеу» тақырыптарын қамтитын 

тапсырмаларды  дайындау  қажет.  Ұпайдың  ең  жоғарғысына  байла-

нысты əрбір тапсырманы бағалау керек. Тапсырмалар орындауына 

нақты ұпай берілетін кезеңдерге немесе элементтерге бөлінеді. Əрбір 

кезеңді  орындау  барысында  қандай  да  бір  орындалмаған  жұмыс 

үшін  алынып  тасталатын  ұпай  саны  анықталады.  Сондай-ақ  осы 

критерийлерді қолдану барысында мынандай жағдайлардың болма-

уын  есепке  алу  керек:  қатысушы  тапсырма  үшін  теріс  ұпай  алған 

жағдайда тапсырма үшін 0 алады, немесе нақты кіші ұпай қойылады 

(тапсырма орындалды, бірақ көптеген тұстары толық емес).

Олимпиада  қатысушылары  қандай  біліктілік  пен  дағдыларды 

көрсету керектігі белгілі: 

а) веб-сайтты əзірлеуде: фондық суретті түсті қолдануды, мəтінді 

форматтауды  қолдануды,  графикалық  кескіндерді  қосуды,  кесте-

лермен  жұмыс  істеуді,  гиперсілтемелерді  жасауды,  дизайнерлік 

дағдыларын көрсете біледі;

ə)  интернетте  ақпаратты  іздеу  үшін:  іздеу  серверлерін  қолдана 

білуі,  кілттік  сөздерді  іріктеп  алу  біліктіліктерін  көрсетілуі, 




436

сұраныстарды  құрастырудың  ережелері,  сайт  мекен-жайын  дұрыс 

көрсетуді, толық жауап құрастыра білуі керек.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. а)  жəне  ə)  пунктеріндегі  талаптарға  сəйкес    екі  тапсырма 

дайындаңыз.

2. Əр  тапсырманы  орындауға  қажетті  білім  мен  біліктілікті 

атаңыз.

3. Элементтер тізімін көрсетіп, тапсырма құрылымдаңыз.

4. Бағалау критерийлерін құрастырыңыз.

2-жағдаят.  “Компьютерлік  коммуникациялар”  тақырыбын 

оқыту тəжірибесінен: “Информатика пəні сыныппен салыстырғанда 

кейбір оқушылардың алдына көп ұзап кететін пəндердің бірі болып 

табылады”. Əдеттегі қарапайым мектептің қарапайым сыныптарын-

да  осындай  жағдайлар  болады.  Біздің  сыныптада  осындай  жағдай 

болды,  аталған  тақырыпты  оқу  кезінде  оқушылардың  кейбіреуі 

тақырыпты жақсы білетіндерін байқатты. Сол себепті оқушылардың 

осы  тобымен  қашықтықтан  жұмыс  істеуге,  ал  қалғандарымен 

сабақта  жұмыс  істеуді  ойладым.  Осындай  жұмыста  бастысы – 

сабақтар кестесінің жақсы құрылуында. Біздің мектепте информати-

ка сабағында сынып екіге бөлінеді: бірінші топта сабақтар алғашқы 

2 сабақ, ал екінші топта осы күнде соңғы 2 сабақ болады.

Осылай екінші жыл жұмыс істеп жатырмын, былтырғы оқу жы-

лында 3 оқушы, ал биыл 9 оқушы болды.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Сіздің пікіріңіз бойынша қашықтықтан оқытудың формасының 

табыстылығы неге байланысты?

2. Сіздің ойыңызша сыныптағы тапсырмалар мен қашықтықтан 

жұмысқа арналған тапсырмалардың айырмашылығы болу керек пе?

3. Қашықтықтан  модульдік  оқытудың  тақырыптық  жоспарын 

жəне мазмұның дайыңдаңыз.

4. Қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыруда  қандай  этикалық, 

тəрбиелік сəттерді есепке алу керек?

5. Оқушы  үшін  жəне  мұғалім  үшін  осындай  сабақта 

ұйымдастырудың жағымды жəне жағымсыз жақтарын атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет