Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет248/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

Зертханалық тəжірибе

Тақырып: «Компьютерлік желілер».

Жергілікті желі – ауқымды желі – Интернет қызметтері – Интер-

нетте ақпаратты іздеу логикалық тізбегінде желілік технологиялар-

ды мақсаты түрде оқушылардың бойында жалпы оқу біліктіліктері, 

білімдері мен дағдыларын қалыптастыру үдерісі.

1-сабақ 

Тақырып: Жергілікті желіде жұмыс.

Дидактикалық  мақсаты:  жергілікті  желіні  қосу  жəне  онда 

жұмыс істеуде оқушылардың оқыту үдерісін бейнелейтін амалдық-

əдістемелік біліктіліктерін меңгеру.

Оқытуды ұйымдастыру формалары: жұптық жұмыс.

Оқыту  технологиялары  мен  əдістері:  жағдаяттық  есептерді 

шешу əдістері.



Оқыту құралдары: [1,2,5,6,8,9,12-13] оқу-əдістемелік əдебиеттер, 

программалық  құралдар – жергілікті  желіге  біріктірілген  компью-

терлер, CD  «Мектеп  интернет-алаңының  жүйелік  əкімшілігі.  Оқу 

курсы»


Студенттердің алдын ала дайындығы: оқу-əдістемелік əдебиет-

терді оқып-үйрену, CD-дағы «Жергілікті желіге компьютерді қосу» 

сабағымен танысу.

Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар 

Мектепте  интернетке  шығу  мүмкіндігі  болған  жағдайда 

оқушылардың  тəжірибелік  жұмыстарын  төмендегі  бағыттарда 

ұйымдастыруға болады:

 

– Электрондық поштада хат дайындау, жіберу жəне қабылдау;



 

– Веб-браузерлермен жұмыс, веб-беттерді қарау;

 

– FTP-серверлерге қатынау, файлдарды архивтен ашу;



 

– WWW  жүйесінде  іздеу  программаларының  көмегімен 

ақпаратты іздеу;



435

 

– Қарапайым веб-бетті (веб-сайтты) жасау. 



Интернет  желісінде  тəжірибелік  жұмыстарды  оқушылардың 

орындауына арналған тапсырмалар [3] құралында берілген. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет