Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет38/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

 

– Үшiншi кезең (X-XI) – оқушыларды информатика саласында 

қызығушылығына байланысты жəне кəсiптiк дайындық бағыттары 

көлем бойынша кəсіптік сараланған оқыту ретiнде бiлiмнiң жалғасуы 

[34, 18-19 б.].

Оқушылардың  информатиканы  ертерек  үйренуiне  байланысты 

мектептегi  барлық  оқу  пəндерiн  оқып-үйренуде  жаңа  ақпараттық 

технологияның  əдiстерi  мен  тəсiлдерiн  жүйелi  қолдану  мүмкiндiгi 

жоғарылайды деген тұжырымға келді.

Мiне,  бұл  фактор  информатика  саласында  оқушыларға  бiлiм 

берудiң мақсатын қайта бөлу мəселесiн қамтамасыз етедi. Сондықтан 

кiшi  сыныптардан  бастап  компьютердi  барлық  пəндердi  оқытуға 

қолдану  оқушылардың  компьютерлiк  сауаттылық  икемдiлiктерi 

жалпы оқыту сипатына ие болады жəне ол тек информатика курсын-

да ғана емес, барлық оқу пəндерiнде қалыптасады. Айтылғандардан 

шығатыны,  информатика  курсы  төмендегенде  компьютерлiк 

сауаттылықтың  көптеген  компоненттерi  ерте,  əрi  басқа  пəндер 

арқылы  қалыптаса  бастайды,  сонда  компьютерлiк  сауаттылықтың 

өзi  тек  информатика  курсымен  байланысты  “тұтас  бөлiнбейтiн” 

мақсат ретiнде қарастырылмайды.

Жаңа  тəсiл  мектептегi  информатика  курсының  меншiктi 

мақсатының маңыздылығы айқын көрiнетiн мiндеттердiң оның ор-

нын өзiндiк мектеп пəндерi сияқты берiк жəне ұзақ мерзiмге созылған 

іргелі,  жалпы  бiлiм  беру  негiзiне  сəйкес  жаңа  түрде  қарастырды. 

Осыған байланысты мекеме шешiмi мектеп информатика курсының 



73

ары қарай дамуы бұл курстың жалпы бiлiм беру қызметiне зор назар 

аударудың  айқын  тенденцияларына,  оқытудың  жалпы  мiндеттерiн 

шешуге  арналған  потенциалдық  мүмкiндiктерiне  байланысын 

белгiледi.  Басқа  сөзбен  айтқанда  қолданбалы  есептерден  бастап 

бағалы,  жалпы  бiлiм  беру  оқу  пəнiне  компьютерлiк  сауаттылықты 

қалыптастыру.  Мектепте  оқытудан  компьютерлiк  сауаттылық  пен 

ақпараттық мəлiметтi қалыптастыру мақсатының бөлiнген сипатта-

масы  оқу-əдістемелік  қамтамасыз  ету  жүйесiн  құруға  жаңа  тəсiлдi 

қажет  етедi.  Бұл  мекеменiң  шешiмiмен  қалыптасқан,  сол  уақытта 

жекеше  мақұлданған  оқу  бағдарламалық  кешендерi  ұсынылды, 

олар:  А.  А.  Кузнецовтың  информатикадан  базалық  кешенi [34, 20-

23  б.]  сол  сияқты,  орта  мектепке  арналған  үздіксіз  курстың  А.  Л. 

Семенов  пен  Н.  Д.  Угриновичтың [34, 23-29 б.],  Е.  Я.  Коган  мен                                          

Ю. А. Первиннің [34, 29-36 б.] жасаған екі нұсқасы болды.

Информатика саласынан оқушыларға бiлiм берудiң іргелі, жалпы 

бiлiм беру негiзiн iздеу мiндетiне ерекше көңiл аудару тағы да осы 

мəселенiң қарапайым емес екендiгiн растады [35]. 1990 жылдардың 

екiншi жартысында талқылауға арналған келесi мəселе, яғни инфор-

матикадан жалпы бiлiм берудiң дамуына, мектеп информатикасының 

іргелі  негiзiне  сүйенiп – информатиканы  оқытудың  мазмұнын 

«технологияландырудың» етек алу қаупi шиеленiстi.

Бұған  алғашқы  себеп,  дербес  компьютерлерде  жүзеге  асы-

рылатын,  практикалық  iс-əрекеттiң  əртүрлi  салаларында  кеңiнен 

таралымға  ие  болған  ақпараттық  технологиялар  (АТ)  болды.  Со-

нымен қатар қоршаған ортаның қолдауына ие болған, жастарды АТ 

қолданудың  практикалық  дағдыларына  оқыту  оқушылардың  жəне 

олардың ата-аналарының қызығушылығын тудырды.

Бiрақ бұл шын мəнiнде позитивтi үдерістер, аса прагматикалық 

тұжырымдамасы  оқушыларға  арналған  информатикадан  оқу 

құралдары  мен  жекелеген  мектеп  бағдарламаларының  мазмұнына 

керi əсер етуiне алып келдi [35, 36]. Нəтижесiнде информатика сала-

сынан іргелі, жалпы бiлiм беретiн негiзiн мектепте бiлiм беру сала-

сынан «ығыстыру» қаупi пайда болды, ал мектептегi оқу жоспарын-

да  бiлiм  берудiң  жаңа  саласы  «Технология»-ның  пайда  болуымен 

мектептегi жеке информатика пəнi толығымен жоғалып кеттi.

«Дөңгелек  үстелге»  қатысушы  педагогтардың  пiкiрлерiнен 

«мектептегi  информатика  пəнiнiң  болашағы – оның  іргелі 

компоненттерiнiң  дамуы,  ақпараттық  технологиялар  саласына  ба-



74

туында  емес»  деп  қорытынды  жасауға  болады.  Қатысушылардың 

iшiндегi  ең  өктем,  жоғарыда  айтылған  көзқарастарды  жақтайтын 

пiкiрлердi келтiрейiк.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет