кепiлiн көретiнi белгiлi.
39] негiзделуiмен байланысты жарыққа шықты. РБА академигi
77
үштiк ретiнде тұжырымдайды: əлемнiң бiртұтас бейнесiнен –
бiртұтас, толық бiлiмге жəне ол арқылы – толық, бүтiн тұлғаға”,
А. А. Кузнецов өз тұжырымын ұсынады, “… бiлiм берудiң басты
мақсаты, адамның iс-əрекетi мен ойлауының жаңа тəсiлдерiн беретiн
бiртұтас, толық дүниетаным қалыптастыру”-деп атап көрсетедi [40].
12 жылдық білім беру жағдайында оқытудың мақсаты – «...
қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді,
жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық
жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті
жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» бо-
лып табылады [32]. Осындай тұлғаны қалыптастыруда информа-
тиканы оқып-үйренудiң маңыздылығын бағалау қиынға түседi.
Сондықтан да əлемнiң ғылыми бейнесiн қалыптастыру, мектепте
информатиканы оқып-үйрену мəселелерiнiң iшiндегi ауқымдысы
болып отыр. Мұндай тұжырымдардан информатиканың білім беру
мақсаты – мазмұнның ақпараттық бөлігі (түрлі ақпарат көздерінде
ақпараттарды іздеу, сынау, түрлендіру, жеткізу); техника бөлігі
(компьютер құрылымы, жұмыс істеу механизмі, есептер шығару),
операциялық жүйе бөлігі (операциялық жүйені баптау, файл-
дар құру, операциялық жүйенің стандарттары программаларын
қолдану), қолданбалы программалар бөлігі: (Word, Ехсеl, Access),
программалар бөлігі (Паскаль, объектіге бағдарланған программалау
тілдері туралы алғашқы түсінік) негізін меңгертіп, оқушылардың іс-
əрекетінің əмбебап тəсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нəтижесі
ақпараттық құзырлылығын қалыптастыруды көздейді.
Ақпараттық құзырлылық дегеніміз алға қойылған мақсаттарға
жету үшін ақпараттық технологиялардың көмегімен ішкі жəне
сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық, оқушының білім
беру жүйесіне деген əлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке жəне
қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-əрекетке
дайындығы [42].
Ақпараттық құзырлылықты екі құраушының жиынтығы ретінде
қарастырады: компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мəдениет
[43]. Бұдан информатика саласынан оқушыларға білім беру
мақсатының даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге бо-
лады (3.3-сурет):