Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


NJȎǴȎǵǪǮǹǼ ǛÝǹǪDZǮǴǮǼ ǗáȄǻǼ ǍǩǵȄǻǼ 4.1-сурет



Pdf көрінісі
бет45/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   364
Байланысты:
BIDAIBEKOV informatikany 2014

NJȎǴȎǵǪǮǹǼ

ǛÝǹǪDZǮǴǮǼ

ǗáȄǻǼ

ǍǩǵȄǻǼ

4.1-суретБілім беру компоненттері

Б.  Т.  Лихачев  жалпы  орта  білім  беру  мазмұнын  құрудың 

төмендегідей  негізгі  жалпы  əдiснамалық  принциптерін  белгілейді 

[2, 371-б.]:

 

– оқу материалының жалпы білімділік сипаты;



 

– бiлiм мазмұнының адамзаттық жəне ізгілік бағыты;

 

– оқу материалының қоғамымыздағы өзгерістер тəжірибесімен 



байланысы;

 

– оқу материалының негіз қалаушы жəне жүйелік сипаты;



 

– оқылатын курстардың байланыстылығы (интегративтігі);

 

– білім беру мазмұнының ізгіліктік-этникалық бағыттылығы;



 

– оқу материалының дамытушы сипаты;

 

– оқу пəндерінің өзара байланыстылығы жəне үйлесімділігі;



 

– білім беру мазмұнының эстетикалық жайлары;

Жалпы мектептік білім беру мазмұнының жалпы дидактикалық 

сипаттамасы  көптеген  жұмыстарда  кездеседі [3-5]. Оларда 

кездесетін көзқарастардағы қарама-қайшылық қойылған мəселенің 

мағынасында емес, сол бір ұғымның түсіндірілу əдісінде жатыр.

Ондай ұсыныстардың ішінен айтарлықтай тұжырым табылмаса 

да, оқу құралдары мен жоспарларын жасау үшін пайдасы көп екені 

белгілі.

В. С. Леднев [6] тұжырымдаған жалпы білім беру мазмұнындағы 

білім  саласының  бейнелеу  принциптерін  атауға  болады.  Автор 



84

оны  «базалық  компоненттерді  білім  беру  құрылымына  бинарлы 

кірістiру» принципі деп атады, себебі, əрбір білім саласы білім беру 

мазмұнында  екі  рет  қайталанады.  Біріншіден,  жеке  пəн  ретінде, 

екіншіден,  тұтас  мектептік  білім  беру  мазмұнында  «тура  бағыт» 

ретінде қарастырылады. Информатика жəне ақпараттық технология 

үшін мұндай принциптің маңызы үлкен, себебі олар жеке оқу пəні 

ретінде де, бүкіл мектепті ақпараттандыру арқылы да таратылады.

Информатиканың 

мектептік 

курсын 

таңдауда 

аталған 

принциптерді  қолдана  отырып,  əдетте  диалектикалық  қарама-

қайшылықта болатын негізгі факторлардың екі тобына тоқталайық:

1.  Ғылымилығы  жəне  практикалығы.  Информатика  пəнінің 

мазмұны информатика ғылымынан бастау алу керек (яғни, ғылымның 

қазіргі  күйіне  қарсы  келмейтіндей  жəне  əдістемелігі  жағынан 

біртұтас болуы керек). Пəнді оқыту нəтижесінде келешекте əртүрлі 

салаларда  кəсіби  қызмет  атқара  алатындай  деңгейде  оқушыларды 

іргелі біліммен қамтамасыз ету керек (практикалылығы).



2.  Жалпыға  бiрдейлiгi  жəне  жалпы  білім  беретіндігі.  Оқу 

пəнінде  қамтылған  материалдар  оқушылардың  көпшілігі  меңгере 

алатындай  болуы,  олардың  ақыл-ойының  даму  деңгейіне  жəне 

біліміне, біліктілігіне, дағдыларына сай келетіндей болуы тиіс. Со-

нымен  бiрге  информатика  курсы  информатика  ғылымының  тиісті 

бөлімдерінен, мейлiнше жалпы маңызды, жалпы мəдениетті, жалпы 

білім беретін мəліметтерді қамтуы керек.

Қарапайым  тілмен  айтқанда,  информатиканың  мектептік  кур-

сы, бір жағынан қазіргі заманғы ғылым мен практика талаптарына 

сай болуы, екінші жағынан, қарапайым жəне оқуға оңтайлы болуы 

тиіс. Осындай екі топтағы талаптарды біріктіру əдістемелік мəселе 

жағынан оңай емес.

Информатикалық  білім  беру  мазмұнын  Кеңес  мектептерінде 

қалыптастыру  күрделі  де,  қарама-қайшылыққа  толы  үдеріс  жəне 

ол кезең өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталады. Бұл жерде 

оқушылардың  ақпараттық  бiлiмiнiң  мазмұны  мəселесіне  арналған 

теориялық  жаңалықтар,  осы  саладағы  жекелеген  тəжiрибелiк 

жетiстiктер өте əлсiз, жай дамыды, сондықтан практик мұғалiмнiң 

бұл  салада  қажеттi  əдiстемемен  қарулануы  баяу  түрде  жүргiзiлдi. 

Информатика жəне есептеуіш техника негіздері курсын орта мектеп-

ке енгiзу кезеңiнен бастайық.



85



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет