4-ТАРАУ
ИНФОРМАТИКА САЛАСЫНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ
БЕРУ МАЗМҰНЫ
4.1 Оқушыларда информатика саласының білім беру
мазмұнын қалыптастырудың жалпы дидактикалық
принциптері
«Білім беру» заңына сəйкес білім беру мазмұнына қойылатын
талаптар:
1. Білім беру мазмұны қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік
факторларының бірі болып табылады жəне ол жеке тұлғаның өзін-
өзі тануын қамтамасыз етуге өзін пайдаға асыруына жағдай жасауға,
адамзаттық қоғамның дамуына, құқықтық мемлекетті нығайтуға
жəне жетілдіруге бағытталуы тиіс.
2. Білім мазмұны төмендегілерді қамтуы тиіс:
– оқушыларда қазіргі заманғы білім деңгейіне жəне білім беру
жоспарына сəйкес көзқарас қалыптастыру;
– қоғам мəдениетінің жалпы жəне кəсіптік деңгейін əлемдік
деңгейге жеткізу;
– жеке тұлғаның əлемдік жəне ұлттық мəдениет жүйесіне мем-
лекет аралық қатынасын жасау;
– қазіргі заманғы қоғамға енген жəне сол қоғамды жетілдіруге
ынталы азамат-адам қалыптастыру;
– қоғамдағы кадр потенциалын көтеру жəне дамыту.
3. Білім беру мазмұны адамдардың, əр ұлтты халықтың, əртүрлі
нəсілдің, ұлттық, этникалық, діни жəне əлеуметтік топтардың
бірлесіп жұмыс істеуіне, өзара түсінісуіне əсер етуі керек.
Көзқарастардың əртүрлілігін ескере отырып, оқушылардың өз
көзқарасы мен сенімін еркін таңдап алу құқының жүзеге асырылуы-
на мүмкіндік жасау.
Белгілі дидакт В. С. Ледневтің пікірі бойынша «білім берудің
мазмұны – біріншіден, өткен ұрпақ тəжірибесін меңгеруімен,
екіншіден, жеке тұлғаның өзіне тəн қасиеттерінің қалыптасуымен,
үшіншіден, адам денесі мен ақыл ойының дамуымен сипаттала-
тын біртұтас үш бірлікті үдерістің мазмұны. Мұнда оқыту жетекші
83
қызмет атқарады, тəжірибені меңгеру – білім берудің ең жақын жəне
тікелей мақсаты болып табылады.
Тəрбиелеу мен дамыту жанама түрде жүзеге асырылады, бұл
алыстан əрекет ететін аймақ тəрізді. Соған қарамастан білім беру
үдерісі үш бірліктен тұрады» [1, 54-б.]. Осыдан білім берудің үш
компоненті шығады, «оқыту» орталық орынға ие болады (4.1-сурет):
Достарыңызбен бөлісу: |