Сыныптан тыс жұмыстың қызметтері
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеттері оның –
білімділік, тəрбиелік, дамытушылық қызметін анықтайды.
Сыныптан тыс жұмыстың білімділік қызметі оқу əрекетіндегі
қасиетке ие емес. Сыныптан тыс жұмыс кезінде ол дамытушылық
жəне тəрбиелік қызметтердің тиімді əсер етуіне ықпал етеді,
бұл қызмет ғылыми, оқу білім, біліктілік пен дағды жүйесін
қалыптастыру емес, белгілі бір құлық дағдысын, ұжымдық өмірді,
қатынас дағдысын үйренумен аяқталады.
Алайда сыныптан тыс жəне оқу жұмысының дұрыс үйлесуі оқу
тəрбие əрекеті жүйесін қамтамасыз етеді. Сыныптан тыс жұмыс
бірегей жəне міндетті оқу жоспарын сақтауда тəрбие мен оқудың
тиімді құралы ретінде қызмет етеді.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі мəнін дамытушылық қызмет
атқарады, себебі мұнда жеке қабілеттер анықталып, дамытылады.
Мысалы, əртістік қабілеті бар оқушы мектептік мерекелерге, КТК-
ға (көңілді тапқырлар клубына) қатыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |