224
көпқырлы өзара қатынасқа түседі. Сыныптан тыс жұмыстардың
түрлі формасында өздерінің жеке қабілеттерін көрсетіп қана қоймай,
ұжымда өмір сүруге үйренеді. Осыған байланысты сыныптан тыс
əрекеттер оқушыларға оқу тəрбиелік əсер береді.
3. Əрекеттердің əр түрімен танысып, сəйкес жеке қызығушылық
пен қажетті біліктілік пен дағдыны меңгеруге бағытталған
өнімді, əлеуметтік қызмет қажеттіліктерін құру. Сыныптан тыс
жұмыстарда біліктілікті қалыптастыру үшін өнімді, əлеуметтік
қызмет қажеттіліктерін құру шарттары қалыптасады. Бұл кезең
қоғамға қарсы өмір салтын (қылмыс, нашақорлық, ішімдік жəне т.б.)
ұстанатын жеткіншектер санының өсуі кезінде өте маңызды.
4. Дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компонент-
терінің құрылуы. Сыныптан тыс жұмыс кезінде құлықты түсініктерді
меңгеру арқылы моральдік нормалар қалыптасады. Эмоционалдық
орта шығармашылық əрекетті эстетикалық ұсыну арқылы құрылады.
5. Танымдық қызығушылықтың дамуы. Сыныптан тыс жұмыс-
тың бұл міндеті оқу жəне оқудан тыс əрекеттерді біріктіреді, себебі
сыныптан тыс жұмыс сабақтың оқу тəрбиелік жұмысымен бай-
ланысты, сонымен қатар, оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға
бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыс үдерісінде оқушылардың қызығушылығын
тəрбиелеу маңызды міндет – оқушылардың мамандық таңдауы
мен еңбекке дайындығын шешумен байланысты. Сыныптан тыс
жұмыстардың əр түрі оқушылардың кəсіби қызығушылығының
тууына алып келеді, оларға арнайы білім, біліктілік пен дағдыны
меңгеруіне көмектеседі.
6. Оқушылардың бос уақыттарын ұйымдастыру. Қазіргі кез-
де оқушылар бос уақытын қалай өткізетіндігі жөнінде байланыс
орнатылған. Кейбір балалар мектеп не сынып өмірімен, қоғамдық
талаптармен санаспайды, ешқандай үйірмелерге қатыспайды. Бос
уақыттың көп болуы жəне оны қолдану мəдениетінің мəселесі
қоғамда үлкен мəнге ие. Үлгермейтін балаларды оқу сабақтарынан
алаңдатпау керек деген пікір бар. Бұл дұрыс емес, себебі дəл сон-
дай балаларға бос уақытты қалай қолдану керектігіне көмектесу
керек. Информатикадан оқу үлгерімдері төмен оқушыларға үлкен
мүкіндіктер ұсынады.
Тізбектелген міндеттер сыныптан тыс жұмыстың негізгі
мүмкіндіктері мен бағыттарын анықтайды. Нақты тəрбие жұмысында
225
сыныптың ерекшелігімен, мұғаліммен, жалпы мектептік жұмыстар
жəне т.б. нақтыланады.
Достарыңызбен бөлісу: