§12–13. 3D па но ра ма және виртуалды тур 3D панорама – компьютер
мониторында
көрсетуге
бейім-
делген қоршаған ортаның 360°-тық
бейнесі. 3D панорамада көру бағы-
тын өзгертуге, суретті үлкейтуге,
жеке бөлшектерді қарауға болады.
3D панораманың түрлері: 1. Жазық панорама – бір неше кадрдан құралған қара пайым
кеңформатты фотосурет.
2. Сфералық панорама. Сфералық панорамалар көлденеңінен
360° және тігінен 180°- ты қамтиды. Ол айна ла дағы барлық
көрінетін кеңістікті қамтып, фотосуретті сфераға жабады
және тұтас көлемді суретті береді.
3. Цилиндрлік панорама (циклорама) – көлденеңінен 360°-
ты, ал тігінен 180-нен төмен градусты ғана қамти алады.
Панораманың бұл түрі, суреттің жоғарғы және төменгі шека-
раларын көрсетуді қажет етпейтін жағдайда қолданылады.
Панорама
айналадағы
барлық
көрінетін
кеңістікті
көрсетеді, қолданушы 360°-қа бұрыла алады, бірақ төмен
немесе жоғары қарай бұрыла алмайды. Мұндай панорама
бірыңғай цилиндрді қалыптастыра отырып, сақина тәрізді
желімденеді.
4. Текшелі панорама. Панорама текшенің ішкі жағына проек-
цияланады. Сфералық панорамамен салыстырғанда текшелі
панораманың артықшылығы: дайындау, сақтау, тасымал-
дау қарапайымдылығы болып табылады, себебі күрделі
пішін бетімен емес, тек текшенің алты қырымен – жазық
және шаршымен жұмыс істеуге тура келеді.