формасында химия ғылымының қалыптасуы жүріп жатты. Танымдағы
ақиқатқа қарсы адасуды ғана емес, жалғанды да айтуға болады. Жалған
дегеніміз - алдау мақсатында нағыздығты сашлы бұрмалау. Адасудың
қандайы болса да, ерте ме, кеш пе, әйтеуір анықталады, "сахнадан түсіп
қалады" немесе ақиқатты білімге айналады. Ол жалған ақиқатка дейін
өспейді, оның жетістігіне кызмет ете алмайды. Жоғарыда айтылғандай, адасу
білімнің сипаты болып табылады, ал қате божа, адамның түрлі салалардағы
дұрыс емес әрекетінің салдары ретінде көрініс береді. Адамдар айғактық,
логикалық, саяси, сонымен коса күнделікті өңгірде түрлі қателерге ұшырап
отырады. Ақиқат пен адасу мәселелерін зерттеу ақиқат өлшемі
зандылықтарын карастырмайынша, толық бола алмайды. Ақиқат пен
адасудың арасьш қалай ажыратып алуға болады? "Ақиқат елшемі" деп,
әдетте, бір - қатар эталондарды немесе тексеру амалдарын айтамыз.
Ақиқаттың елшемі бір мезгілде екі шартты қанағаттандыруы керек:
ол тексерілетін білімге тәуелді болмауы керек;
құптау немесе теріске шығару үшін ол белгілі бір бейнеде біліммен
байланысты болуы керек. Ақиқаттың өлшем мәселесі әрқашан таным
теориясында орталық межеде болған, өйткені ондай елшемді табу ақиқатты
адасудан бөліп алу амалын табумен парапар.
Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп — тиімділікті,
пайдалылықты және жайлылықты (прагматизм), енді біреулері жалпыға
танымалдыльқты ұсынады, үшіншілері жаңа білімдерді ескі білімдермен
қиыстыратын, ақикаттың формалды логика өлшемімен шектеледі,
төртішпілер білімнід ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді.
Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың елшемі ақылдан тысқары
шығарылмайды, сондықтан білім езімен-өзі түйықталады, ал акикатты
айкындауға практикалык қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя
қарастырғанда ғана кол жеткізуге болады. Мүндайда ақикат өлшемі
шарттарын практика, демек, қоғамдық - тарихи үдеріс ретінде түсіндіретш
материалдык кызмет қана қанағаттандыра алады. Практика коғамдағы
адамның қоршаған дүниені материалдық игеруі болып табылады. Практика,
ақиқат өлшемі ретінде көріне отырып, оған кажетті қасиеттерге ие, мысалы,
объектіге бағытталады және кызметімен білім аясының шеңберінен шыға
алады. Практика адамды объективті шынайылықпен қауыштырады. Онда
заттар өзгеріп кетуі мүмкін. Сонымен коса практикалык кызметтің жүзеге
асырылуы білімге төуелді. Практиканың қайсысы болса да, жаңғыртатын
заттардьщ қасиеті туралы ақпарларға негізделеді, белгілі бір мақсаттан
туындайды,
айқын
жоспармен
жүргізіледі.
Бұдан
практиканың
ойластырылған, тұшынылған сипатта болатыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: