Іс-әрекет сипаты бойынша белсенді (актив) және енжар (пассив) болуы
мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сәбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып
көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да
талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз
қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта және
тәрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде
төмендеуі де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске
құлықсыз, көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай – енжар. Әлбетте,
мұндай іс-әрекет адамды жоғары нәтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді
болуы іс-әрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тәуелді.
Адам таңдаған ісіне жан-тәнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бәрін
іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет.
Мұндай қызмет адамға қанағат ләззатын әкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне
айналады. Сондықтан да, іс-әрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана
емес сол әрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.
Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінуіне
көмектеседі.Оқушылардың
өз
идеяларын
дәлелдеуіне
көмектеседі.
Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушыларды қандай
деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Көп жағдайда сыныптағы талқылау
мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және
нормамен нені, қашан және қалай айту қажеттілігі сипатында болады.
Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы.
Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген
оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты
бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және
мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау
деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды.
«Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады.
Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті.
«Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау,
бақылау, ойлау нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға
болады.
Оқушылардан оқуды талап еткен кезде мұғалім өзінің сабақ беруіне
емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс, сондықтан
мұғалім оқу ортасын құруы керек, сонда оқушы ақпаратты енжар
қабылдамайды, оқу үдерісіне белсене қатысатын болады.
Әр сабақтың үдерісіне белсенді қатысу арқылы оқушылар өздерінің
болжамдары мен сұрақтарын құрастырады.Оқушылар бір - біріне кеңес
береді, өз алдына мақсат қояды. Іс-әрекеттерінен алынған нәтижелерді
қадағалайды, идеялармен тәжірибе жасайды және қателер оқудың ажырамас
бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.Олар тәуекелге барудан
қорықпайды, ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші
сұрақтар қояды, өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып,
проблемаларды шешу жолдарын баяндайды.
Осындай жұмыстар жүргізілуі кезінде белгілі бір уақыт ішінде жұмыс
істеуге арналған. Оқушы білімі мен белсенділіктерінің төмен деңгейде
болуы-мектептің, ата-ананың,пән мұғалімдерінің бүгінгі күнгі басты
мәселесі. Ол болашақтың іскер мамандарына білім мен тәрбие беретін білім
ошақтарының, бүкіл қоғамның өзекті мәселесі.
Оқушының қызығушылығына қарай оқытудың тиімді әдістері мен
тәсілдерін пайдаланып,білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді ашу жетістікке
жетудің көзі,сапаға ие болудың мүмкіндігі болып табылады.
Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі
заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет.
Білімнің
сапасы
оқушының
білімге
деген
құштарлығымен,
қызығушылығына,білімнің қажеттілігін түсінуіне тікелей байланысты.
Сабақ барысында оқытудың белсенді іс-әрекет әдістерін,оқыту
формаларын тиімді қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.
Оқытудың белсенді әдістеріне: сұрақ-жауап,ашық сұрақ,зерттеушілік
әңгіме,пікір-таластар,ой
қозғау,өзін-өзі
бағалау,өзгені
бағалау,топтық
бағалау, тест құру және бірін – бірін тексеру жатады.
Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді. Жаңа білім алу
үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға
итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса,
мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек. Ол үшін
мұғалімнің сабақты жан-жақты дайындауы қажет, сабақ үстінде қандай
болмасын оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындау мүмкін сол жерде
мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді.
Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес,
«білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде
мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату
мақсатында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру қажеттілігі туындап отыр.
Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат
келіп түседі, сондықтан қазіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай
біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: