3. Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық
және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер
әлеміндегі адам. Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан
болар, "өнер — мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы...
Өнердің шынайы мәнінің діңгегі — сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік —
адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның
нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты.
Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды.
Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын
(идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.
Өнер философиясы, өнер ілімі болып табылатын эстетика үшін де
жоғарыда аталған мақсаттар бірінші маңызды болмақ. Ендеше, эстетиканы
оқытудың, яғни эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің
айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу
қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп
отыру.
Эстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай
тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны
адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған
сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар
тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие — имандылық, ғибраттылық
тәрбиесінің бір тарауы.
Шеллингтің жасаған философиялық жүйесінде өнер ерекше орын
алады. Егер И.Кант пен И.Фихтенің философиясында адамның моральдық
жетілуі тарихтағы негізгі нәрсе ретінде көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден,
эстетикалық санадан көреді. Соңынан орыстың ұлы жазушы-ойшылы
Ф.Достоевский осы ойға сай «Әсемдік әлемді құтқарады» деген нақыл сөзді
айтқан болатын.
Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете
түсініп-сезінуге болады, өйткені «универсумның (әлемнің) өзі абсолютті
өнердің туындысы», табиғаттың өзі «рухтың бейсаналық поэзиясы». Күннің
шығуы мен батуы, аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері,
құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене кұрылыстарының әсемдігі
т.с.с. – бәрі де бізді таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-
ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес келеді.
Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді,
эстетикалық сананы қояды. «Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы
ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді». Шеллингтің бұл ойын растайтын бір
мысалды келтірейік. 1970-ші жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының
құлдырай бастағанын, оның алдағы болашақта тарихи тұйықтыққа келіп
тірелетінін алғаш сезінген өнер қайраткерлері болатын. Ал ғалымдарға келер
болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны
сараптай бастады.
Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (genius -лат. сөзі,
аса дарынды деген мағына береді) іс-әрекетімен тығыз байланыстырады.
Өйткені олар - Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі
- ерікті де, зардап пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер
саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге
аскан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған ол қандай жолмен, қандай
заңдылықтардың нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені
өнер кайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол
Абсолюттің өзі.
Алайда гений өз шығармасын тудырып, оның кемеліне келген
әсемдігін сезініп, шексіз шаттанып, одан ғажап ләззат алады. Өйткені оның
рухы өзінің жасаған өнер туындысы арқылы заттанды (объективтелінді), ал
заттанған өнер шығармасынан идеалды өмірдің нышаны байқалады
(субъективтелінді). Сонымен өнерде объективтік пен субъективтік бір-
бірімен косылып, алғашқы бейсаналық теңдіктің дамыған финалы, соңы
ретінде байкалады.
Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық
өнерлер. Оған ол музыканы, сурет, архитектура мен скульптураны
жатқызады. Екіншісі - лирика, эпос және драма. Егер біріншіге жататын өнер
салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да жоғары -
рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл классификацияға күмәндануға әбден
болатын сияқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе алмайтын нәзік сезім
толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де білеміз, олай болса оны екінші
топқа жатқызуға, әрине, болар еді.
Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют
өзін-өзі ең терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы
неміс философы М.Хайдеггер бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда
философиялық ой-өрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары
ашылады деген болатын.
Сонымен тек өнерде ғана адам өлшенбейтін, бұл өмірде жок ғажапқа
іштей беріліп, жан тыныштығына иеленеді. Ал ол — өлшемі Жоқ ғажап, ол -
Құдай. Абсолют ұғымы - оның тек қана сөзбен берілген аты ғана. Соңынан
Шеллинг өнердің Құдай идеяларына қатыстығы бар екенін көрсетіп, өнерді
сүйіп-түсінудің өзі Құдайдың адамға жауған нұры деген пікір айтты.
Көріп отырғанымыздай, өмірінің соңына қарай, Шеллинг бірте-бірте діни
философияға қарай ауытқып, «аян философиясьның» жолына түсті.
Шеллингтің замандастарыньвд көбі оның бұл ауытқуын теріс қабылдап, жас
кезінде даңққа, сыйға бөленген философ қартайған шағында жалғыздықтың,
ұмыт қалудың да қасіретін басынан өткізді.
Қалай айтқанда да, ұлы философтың идеялары философия тарихында
әрі қарай өз өмірін сүріп кете барды. Ол өзінен кейінгі көп ұлы
философтардың ой-өрісінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны
болашақтағы тақырыптардан көретін боламыз. Шеллингтің философия
тарихында өз орны бар және ол адамзат есінде мәңгі қалады да деген
ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |