сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында
белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану,
сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек
еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің
сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-
толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі
дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык",
"әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік",
сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер
қалыптасады. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша шолу жасап, көз
жүгіртіп етейік. Оны философиялық ғылымдардың пайда болған жері
Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік
мәдениеттің
құрамдас
бөлігі.
Антикалық
эстетиканың
негізгі
ерекшеліктерінің бірі — оның космологизмі. Катарсис (грекше "тазару") —
адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін
ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер
катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту
жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар
катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада
катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған.
Онда катарсис әсіресе музыка, поэзия мен трагедияның адамның рухы мен
жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.
Пифагор жөне оның жолын қуушылар адам жанын кесапаттан тазарту
үшін белгілі бір жүйемен алынған әуен, музыканы қолдану жолын ұсынған.
Олардың түсінуінше, музыка — ғарыш үндестігінің жердегі керінісі
болғандықтан, тек жан сарайын тазалап қана қоймайды, сонымен қатар ағза
ауруларынан да арылуға әсер етеді деп білген. Платон болса катарсисті
өнердің бір түрімен ғана емес, жалпы өнердің өзімен байланыстырды. Оның
айтуынша, катарсис жан-дүниені нәпсілік, ағзалық ниеттен арылту деген
мағынаға ие. Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері
деп танып, әсіресе трагедия жанрын адамның қорқыныш пен қайғыға
ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде адам жанын бейқамдықтан,
бойкүйездіктен арылтады деп қарады.
Грек мәдениетіндегі калокагатия алдыңғы параграфтардағы мұраты
бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да бала өсіру, тәрбиелеу
ісінде гимнастикалық (дене сұлулығын қалыптастыруға күш салатын)
тәрбиемен қатар риторика (шешендік енер), грамматика, тарих, поэзия және
т.б. баса назар аударылған. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген
Сократ болатын. Шынайы сұлулық — ізгі сұлулық, кешірімді сұлулық деген
көзқарас кейінірек келе бүкіл еуропалық эстетиканың орталық ұстанымына
айналып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: