67
қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы
екендігін ақын-жыраулар мұрасынан көреміз.
ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген Ақтамберді жыраудың:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, –
деген жыр жолдарымен Бұқар жыраудың:
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы –
деген өлең жолдарында елін сүйер азаматтыққа, батырлық пен батылдыққа,
елжандылыққа шақырып, Отанға пайдалы азамат болуды еске салады.
Бұл ағартушы-педагог М.Жұмабаевтың 14 ірі бөлімнен құрылған, қазақ
топырағында тұңғыш жарық көрген «Педагогика» еңбегінің «Құлық сезімдері»
бөліміндегі: «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы
жолында құрбан бола білсін» деген пікірімен сабақтас.
Отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық ерлікті мадақтаған, ақылдылық,
парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген
шығармалар жас ұрпақты ұлттық бірлікке Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық
тәуелсіз мемлекетті нығайтуға тәрбиелеуде маңызы зор.
Бұл бөлімде халқымыздың ХVІІІ ғасырдағы өмірін, әлеуметтік тіршілігін,
ой санасы мен көзқарасын өнер өрнегіне, ақыл сөзіне бейнелеп түсірген
Қожаберген жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын, Үмбетей жырау, Бұқар
жырау, Шал ақын мұраларындағы өшпес, өлмес тәлім-тәрбие дәстүріне
тоқталмақпыз.
Достарыңызбен бөлісу: