116
Ол христиандықты ең жоғарғы ізгілік ретінде бағалаған («Ізгілік пен заң туралы
сөз»). Илларион Х ғасыр соңы – ХІ ғасыр басының қоғамдық өмірінің
мағыналануының бірінші үлгісін жасады, әлемдік тарихтағы орыс халқының
орны туралы мәселені қойды, христиандықтың рухани құндылықтарының
жалпы адамзаттық маңыздылығын негіздеді.
Осы кезеңде
Святославпен «Изборник» жазылғын, ол болмыстың
үйлесімділігі мен абаттықтың нышаны ретінде София тақырыбын талдау, діни
мәтіндерді түсіндіру, негізгі категориялар мен ұғымдар туралы трактат болып
табылады. Практикалық философияның үлгісі болып
Владимир Мономахтың
«Поучение» еңбегі табылады. Онда сол уақыттың құқықтық және саяси
мәселелері бейнеленген, тәртіптің этикалық кодексі берілген.
Мәскеу Русінің қалыптасу кезеңінде маңызды ықпалды византиялық дін
маманы және философы
Г.Палама негіздеген діни ілім – исихазм жасады. Осы
ілімде Құдай мен дүниені тануда, белгілердің қатынасы мен мағынасының
философиялық мәселелері көрініс тапты.
Исихазм (грек тілінен hesychia –
тыныштық) орыс философиялық дәстүріне бекем кірді, ол XIV-XVI
ғасырлардың көптеген ойшылдардың еңбектерінде байқалады.
Ресейдің XV-XVII ғғ. елеулі дәрігер-философтары Г. Дрогобыч (Котермак,
1450-1494 жж.), Г. Скорина (1490-1551 жж.) және П.В. Постников (1676-? жж.)
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: