1- есеп. Арифметикалық амалдар.
(5,02 –
4,999) : 210 өрнегінің мәнін есептеңіздер.
А. 0,001.
В. 0,0001.
С. 0,01.
D. 0,1.
Жауабы: В.
2- есеп. Пайыз.
90 саны 4500 санының қанша пайызын құрайды?
А. 10%.
В. 20%.
С. 2%.
D. 5%.
Жауабы: С.
3- есеп. Жанар май.
2004 жылы 1 литр бензин 110 тг болды. 2007 жылы ол 40%-ға қымбаттады.
Сұрақ: Бензиннің 2007 жылғы бағасы қандай болған?
Жауабы: 154 тг.
4- есеп. Жанар май.
2014 жылы желтоқсанда бензиннің 1 литрі 125 тг болды, ал 2015 жылдың
ақпан айында 20,8%-ға арзандады.
1-
сұрақ: 2015 жылдың ақпан айындағы 1 литр бензиннің бағасы қандай?
Жауабы: 99 тг.
43
2-
сұрақ: 2014 жылы желтоқсанмен салыстырғанда 2015 жылдың ақпан
айында 1 литр бензиннің бағасы қанша теңгеге арзандаған?
Жауабы: 26 тг.