5- есеп. Есептеу
2
2
2
3
2
3
5
−
+
+
+
өрнегін ықшамдаңдар.
А. -2.
В. 2
2
.
С. 2.
D. -2
2
.
Жауабы: С.
6- есеп. Киім тігу.
Тігін шеберханасында 320 м мата бар, оның 256 м-і көйлек тігуге
жұмсалды.
Сұрақ: Көйлек тігуге матаның қанша пайызы жұмсалған?
Жауабы: 80%.
7- есеп. Киім тігу.
Тігін шеберханасы мектеп киімін тігуге тапсырыс қабылдады. Ер баланың
бір комплектісіне 6 м мата, ал қыз баланың бір комплектісіне одан 25%-ға
артық жұмсалады.
Сұрақ: Ер балаларға да, қыз балаларға да 100 комплектіден тігу үшін тігін
фабрикасына 1350 м мата жеткілікті ме?
Жауабы: __________
8- есеп. Қозғалыс.
Ақтөбе және Атырау қалаларының арақашықтығы 591 км. Осы
арақашықтықты картада бейнелеу қажет.
1- сұрақ. Ақтөбе және Атырау қалаларының арақашықтығы картада 10 см
болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет?
Жауабы: _______.
2- сұрақ. Егер картаның масштабы 1: 10000 болса, онда 591 км қанша
сантиметрге тең болады?
Жауабы: ________ .