Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінде әрбір ғалым ӛзінің дербес әдіснамасын,
зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да ӛзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар.
Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес
қолданады. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың тӛл ісі
болмай, барлық мұғалімдердің де игілігіне айналуы қажет. Мұғалім ӛз жұмысында
зерттеу әдістерін ғылыми негізінде меңгеріп, социология жэне психология
ғалымдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана ӛзінің және басқа
мұгалімдердің тәжірбиелерін жан-жакты зерттей алатын болады. Әрбір ғылым ӛзінің
дербес әдіснамасын, зертгеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да ӛзіне тән ғылыми
зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық кұбылыстың
ерекшеліктеріне сәйкес колданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек ғана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана
білуі мен педагогикалык шеберлігіне байланысты емес, ол окушылардың
қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жаткан факторларға
байланысты. Баска дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда
педагогикалык құбылыстарды зерттеудің ӛзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы: дәл
ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынгы
жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса экспериментті кайталап
жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, ғылыми педагогикалық зерттеудің объектісі
- баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалык процесте және кейбір сырткы
факторлар (даму барысында окушыларда пайда болатын ӛзгерістер, әлеуметтік және
микроортада кездесетін түрлі жағдайлар жэне т.б) әсер етеді.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері
баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оку-тәрбие процесін жетілдіру
бағытында қолданылуы қажет.
Әдістердің тұтастай бір бірлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-
2
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден ӛтеді.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің ерекшелігі - бұл педагогикалық
құбылыстарды зерттеу, олар жӛніндегі гылыми ақпараттарды жинақтап,
зандылыкты байланыстар қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория
қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-әрекет жолдары мен тәсілдерінің ӛзі.
Әдістер кӛп түрлі де сан килы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топка
ажыратылады:
1) Педагогикалык тәжірибені зерттеу әдістері;
2) Теориялық зерттеу әдістері;
3) Математикалық әдістер.
Достарыңызбен бөлісу: |