Педагогикалық эксперимент
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Эксперимент ұғымының мәні.
2. Педагогикалық эксперименттің түрлері.
3. Эксперименттің деңгейлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Ғылыми педагогикалык зерттеудің кандай да бір әдіс не тәсілінің
педагогикалык тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі -
эксперимент.
Эксперимент деп нақты, жағдайды есепке алып, педагогикалык процесті
зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Предагогикалык процестерге сүйеніп,
зерттеуші окытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен
тәсілдерін тексереді. Экспериментті зерттеулердің нэтижелері әдеттегі жағдайда
жүргізілетін педагогикалык жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент
мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі - эксперимент,
екіншісі - бакылау объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы,
эксперимент зерттеушінің гылыми жазба ұсынбасы бойынша, ал бақылау
обектісінде - әдеттегі оку бағдарламалары мен окулыктарға сәйкес жүргізіледі.
Мектеп жагдайында бір топ оқушыларды немесе толык сынып ұжымын, мектептен
тыс жағдайда ӛндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал
екінші бір топ окушылардың, немесе толық сынып ұжымын, сол сияқты ӛндірістік
звеноны немесе бригаданың объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін эксперимент және бақылау топтарындағы,
сыныптардағы, бригадалардағы окушылардың сан және сапа жағынан тендестіріліп
алынғаны жӛн. Сонымен бірге мұгалімдердің кабілетінің, білім мен стажының да
шамалас болғаны шарт.
Педагогикалык экспериментті зерттеуші ӛзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал
зерттеушінің гылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы
эксперимент деп аталады.
Соңғы кезде педагогикалык әдебиеттерде эксперименттің бірнеше түрлері
қолданылып келеді. Олардың бірі - табиғи эксперимент - бұл сыныпты, бүкіл
үжымда оку - тәрбие процесін бұзбай, педагогикалык проблемаларды зерттеу үшін
әдеттегі жағдайда жүргізіледі.
2
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған болжамды
анықтау үшін тексеру эксперименті колданылады. Мысалы, педагогикалык ғылыми
-
зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оку
бағдарламарының тиімділігіне арналуы мектептерде тексеру эксперименті арқылы
зерттейі.
Тұтас педагогикалык процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын,
принциптері мен әдістерін жаңадан кқұру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. М
Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.
Эксперимент жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен
тексерудің нәтижесінде окыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне
ӛзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдай педагогикалык құбылыстарды
ұқыптылыкпен бакылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бӛлініп алады да,
олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін
Достарыңызбен бөлісу: |