73
төмендесе де қатпайды; в) нөлге тең жазмыш өткізгіштік пен
электр өткізгіштікке ие; г) он есе тұтқырлыққа ие.
Адсорбциялы күштермен байланысқан су кептірген кезде
дəндердің ылғал байланысын үзуге кеткен қосымша энергия
шығынымен бірге жойылып кетуі мүмкін.
Осмотикалы байланысқан ылғал. Бұл - осмотикалы қысым
нəтижесінде дəндердің клетка ішіне енген ылғал. Дəндердің
сулануы кезінде жасуша ішіндегі ерігіш фракция концентрациясы
сыртына қарағанда, үлкен бола бастайды, сондықтан су жасуша
ішіне қабырға арқылы енеді. Сұйықтықтың мұндай сіңірілуі
жылудың бөлінуінсіз жəне жүйенің контракциясымен дəндердің
көлемінің ұлғаюымен бірге жүреді. Қасиетіне байланысты
сіңірілген ылғал қарапайым судан ерекшеленбейді.
Десорбция үдерісінде осмотикалы байланысқан ылғалды
жою кезіндегі қажетті шартта бар үлкен ерігіш фракция
консентрациясының клетка ішіне қарағанда, сыртында болады.
Бұл жағдайда осмотикалы байланысқан ылғал жасуша қабырғасы
арқылы, яғни дəндерге қандай жолмен енсе,дəл сондай диффузия
жолымен сұйықтық күйінде дəндердің беткі қабатына ауысады.
Осмотикалы байланыс адсорбциялы байланысқа қарағанда,
тұтқырлығы аз болады. Алайда, ылғалды жою кезінде де
қосымша энергия шығыны қажет.
Құрылымдық ылғал(иммобилизиялық). Оған кең көлемде
қамтылған жаңа құрылымдық түрде гелдің қалыптасуы кезіндегі
ылғалды жатқызады. Бұл ылғалға өте азғантай энергия
байланысы сəйкес келеді. Құрылымды,осмотикалы байланысқан
ылғал сияқты өзінің қасиеті бойынша əдеттегі судан еш
айырмашылығы жоқ. Ылғалдың бұл бөлігі кептіру үдерісінде
жойылуы кезіндегі қосымша энергия диффузияда ылғалдың су
буын,сондай-ақ дəндердің беткі қабатындағы сұйықтық күйіндегі
негізгі құрылымдық кейпіне қарсыласуын жеңуге жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: