Коммуникация типтері. Коммуникация қызметі, өзгелердің барлығы
сияқты, оны жүзеге асырудың типтері мен формаларының, тәсілдері мен
әдістерінің көптігімен сипатталады. Осы қызметтің жетекші іс-әрекетінде
қалай жіктелетінін қарастырайық.
Жетекшілердің коммуникацияларының бағдарлану белгісі бойынша олар
сыртқы және ішкі ұйымдастырушылық болып бөлінеді. Жетекшінің сыртқы
ұйымдастырушылық коммуникацияларында өкілеттік қызмет айрықша рөл
атқарады. Жетекші өзімен теңдес басқа ұйымдардың жетекшілерімен араласа
отырып, ұйымды тұтастай білдіреді, оны сыртқы ортада көрсетеді. Бұл –
коммуникациялардың ерекшелік типі. Жетекші жұмысқа жоғары тұрған
инстанция
қатысқан
кезде
бағынышты
ретінде
болады
(оның
коммуникативтік мінезінің маргиналдық құбылысы).
Ішкі ұйымдастырушылық коммуникациялар тік және көлденең болып
бөлінеді. Тік – бұл ұйымның иерархиялық деңгейлері арасындағы, ал
көлденең – паритетті деңгейлер шеңберінде ақпарат алмасу. Тік
коммуникациялар төмен түсетін және өрлейтін болып бөлінеді. Біріншілері –
жетекшінің жарлықтары мен бұйрықтары, екіншілері – қозғалыстың
«төменнен жоғарыға» қарай арналарының жүйесі. Ұйымның қызмет етуі
үшін тік және көлденең коммуникациялардың сабақтастығы анықтаушы
мәнге ие болады.
Коммуникациялар дәстүрлі түрде формалды және формалды емес болып
бөлінеді. Формалды арналар ұйымның құрылымымен, оның мақсаттарымен
және міндеттерімен анықталады.
Формалды емес – бұл формалды арналардан тыс жүзеге асатын
байланыстар. Оның бірнеше түрлері: ұйымның қатардағы мүшелері
арасындағы, жетекші мен атқарушылар арасындағы, жетекшінің сыртқы
ортамен («үлкен байланыс» құбылысы) формалды емес байланыстары бар.
Ұйымның әлеуметтік микроортасын жасайтын жел сөздерге айрықша рөл
беріледі. Арнайы зерттеулер, осы тектес коммуникациялық құбылыстарға
қарсы тұрақты пікірге қарамастан, жел сөздер оқиғалардың 80 пайызы дәл
келсе, ал ішкі ұйымдастырушылық істерге қатысты бұл көрсеткіш 99
пайызды құрайды. Ұйымдастыру формасы бойынша коммуникациялар
вербалды (ауызша), жазбаша, құрама, визуалды, аудициялы, т.б. болып
бөлінеді.
Коммуникациялар, сондай-ақ өздері басым мәнге ие, ұйымдық қызмет
ету кезеңінің белгісі бойынша да жіктеледі. Бұлар жұмысқа қабылдау
кезіндегі міндеттер шеңберіндегі бағытталу кезіндегі іс-әрекет, оны бағалау
мен оның барысын бақылау процесіндегі коммуникациялар болып табылады.
Коммуникативтік процесс пен оның «кедергілерінің» нормативтік
құрылымы. Жетекші жүзеге асыратын коммуникативтік қызмет ұқсас
құрылымы мен ұйымдастыру принциптері бар жекелеген коммуникативтік
үдерістердің үздіксіз тізбегі болып табылады. Коммуникативтік үдерістің
жалпы ұғымында акцент оның екі – құрылымдық және өзіндік
процессуалдық
аспектісінен
тұратын
формалды
ұйымдастырылуына
жасалынады.
Коммуникация процесі жеті негізгі құрылымдық компоненттен тұрады:
жіберуші, алушы, коммуникация арнасы, ақпарат немесе хабар, «шу»
(кедергілер жиынтығы), кері байланыс, коррекция.
Коммуникация процесі өзінің таралуында төрт негізгі кезеңнен өтеді:
ынтаның туындауы, идеяны рәсімдеу, коммуникативтік актінің өзі,
алушының хабарды ашуы (мәнін түсінуі).
Коммуникацияның негізгі компоненттері тұрақты – инвариантты-
тізбекті, кері байланыс пен коррекция барысында тұйық, сақина тәріздес
сипатқа ие болады.
«Сақина» принципі тұтастай алғанда коммуникацияның нәтижелілігін,
оның тиімділігіне бақылауды және оны алғашқы рет жүзеге асыру кезіндегі
сәтсіздік оқиғасында бүкіл циклдің қайталануын қамтамасыз етеді.
Коммуникациялардың
қиындықтары
мен
қателіктерінің
(«кедергілерінің») көздері, психиканың өзінің көп түрлілігі сияқты алуан
түрлі.
Перцептивтік-интерпретациялық қателіктер (сезінуімен шартталады). Бір
ғана ақпарат әртүрлі қабылданады, тіпті тәжірибеге, кәсіби біліктілік
саласына, мүдделерге және басқаларға байланысты белсенді шектеледі.
Диспозициялық
қателіктер
коммуникативтік
алмасуға
қатысатын
адамдардың әлеуметтік, кәсіби және өмірлік ұстанымдарымен түсіндіріледі.
Мәртебелік қателіктер коммуниканттардың ұйымдық мәртебесіндегі
үлкен айырмашылықтарға байланысты жіберіледі. «Жоғары бастыққа»
«қарапайым жұмысшылардың» мұқтаждығын түсіну үнемі мүмкін емес.
Семантикалық кедергілер тілдік ұғымдардың көп мәнділік (полисемистік)
қасиетке ие болуына байланысты, сөйлеушілер мен тыңдаушылардың
түсінуіндегі әрмәнділік туғыза отырып туындайды.
Вербалды емес кедергілер. Ымдау, мимика, коммуникативтік мінез-
құлық мәнері және басқа да вербалды емес құралдар байланыстың барлық
түрінде, вербалдіге қарағанда әлдеқайда көп мәнді бола отырып едәуір рөл
атқарады. Олар, әдетте, бірлесе қолданылатындықтан, вербалды емес
белгілерді дұрыс қабылдамау (сезінбеу) сөздік ақпаратты қате түсінуге
соқтыруы мүмкін.
Тиімсіз кері байланыс – коммуникациялар қателігінің тағы да бір көзі.
Нашар тұжырымдалған хабар. Жарлықтардың қос мәнділігі, қисық тілдігі
коммуникация қателіктерінің кең тараған және айқын себептері болып
табылады.
Ақпараттың коммуникациялық циклдерде жоғалуы. Бұл хабар өте ұзақ
әрі ауқымды болғанда жүреді, оған байланысты қысқалық талабы қойылады.
Тік коммуникациялық тізбекпен берілу кезінде ақпараттың 30 пайызға
дейінгі бөлігі бұрмаланады, тіпті жоғалады.
Қателіктерді бұрмалау. Мысалы, жоғары тұрған тұлғаға жекебастық
мақсатта жалған ақпарат беру.
Мерзімнен бұрынғы баға тыңдаушы хабарға оның аяқталуын күтпей
көңіл-күйлік баға бергенде қойылады.
Осы «кедергілер» мен қателіктердің барлығы – коммуникация қызметін
жүзеге асыруға бөгет ететін теріс факторлар.
Тиімді
коммуникацияларды
тұрғызудың
жалпы
ережелері
мен
принциптері бар, оның ережесі – идеяны беру кезінде өзіне аяғына дейін
түсінікті болмайынша кіріспеу.
«Түсінбеушілікке үнемі дайын болу ережесі» және атқарушыларға
«түсінбеушілік құқығына» рұқсат беру. Жетекші өзіне түсінбеу мүмкін емес
деп есептеп, жиі қателеседі. Дегенмен «кедергілердің» алуан түрлілігі
көбінесе толық және нақты түсінбеушілікке соқтырады.
Нақтылық ережесі. Қос мәнді, жайылма пікірлер мен сөздерді
қолданбаған хабарды кәсібилікпен жүктемеген жөн.
Вербалды емес белгілерге бақылау ережесі. Ымға, мимикаға, интонацияға
бақылау қажет.
Адресат ережесі. Кеңесуші тілінде, оның өмірлік, кәсіби, мәдени-
білімдік деңгейін ескере отырып сөйлесуге тырысу.
«Өзінің әділетсіздігі» ережесі. Жеке көзқарас қателігін жібермеу қажет.
«Орын және уақыт» ережесі. Жетекшілік жарғылар тиімділігі олар
жүзеге асатын ең оңтайлы жағдайды таңдау мен оның өз уақытында болуы
кезінде арта түседі.
Белсенді және конструктивті тыңдау ережесі, кері байланыс ережесі.
Басқару теориясында сондай-ақ тиімді коммуникацияның үш жалпы
принципі бар: формалды емес ашық, тұтастай және стратегиялық пайдалану.
Осы ережелер мен принциптерді сақтау коммуникация қызметін басқару
іс-әрекетінде жүзеге асыруға ықпал етеді және оның мазмұны мен
ерекшелігін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |