Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


ІІ. Басқару психологиясының даму тарихы және кезеңдері



Pdf көрінісі
бет2/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

ІІ. Басқару психологиясының даму тарихы және кезеңдері  
Басқару ақыл-ойы эволюциясының жалпы картинасын және оның негізгі 
кезеңдерін 
«басқару 
континуумы» 
ұғымы 
(К.С.Джордж 
бойынша) 
бейнелейді;  онда  басқару  туралы  түсініктерге  революциялық  өзгерістер 
енгізілген  оқиғалар  атап  көрсетіледі.  Мұндай  оқиғаларға  есептелетіндер:  1) 
сауда  операцияларымен  айналысқан  айрықша  түрдегі  «бизнесмендердің» 
түзілуі;  2)  Хаммурапи  патша  (б.д.д.  XXVІІІ  ғасырда)  шығарған  халықтың 
әлеуметтік  топтары  арасындағы  қатынастарды  реттейтін  заңдар  жинағы;  3) 
құрылыс  пен  өндіріс  салаларына  мемлекеттік  басқару  мен  бақылаудың 
әдістерін  ІІ  Навуходоносордың  біріктіруі  (б.д.д.  VІІ  ғ.);  4)  жаңа  туындаған 
капитализм арнасындағы еуропалық цивилизацияның индустриялық прогресі 
(XVІІ-XVІІІ  ғ.ғ.),  нәтижесінде  кәсіби  менеджмент  туындайды;  5)  XІX  және 
XX ғасырлардың ұштасуы кезінде болған «бюрократиялық революция». Осы 
кезде  басқару  теориясы  дербес  пән  ретінде  пайда  болды.  Оның  дамуы  –  ең 
алдымен 
оның 
атап 
көрсетілген 
революциялық 
түрленулерінің 
маңыздылығына  қарамастан,  эволюциялық  үдеріс.  Ол  үздіксіз  және 
қоғамдағы барлық өндірістік, әлеуметтік-саяси, экономикалық және көптеген 
басқа  да  өзгерістерге  ықпал  етеді.  Мұндай  ықпал  етудің  бірі  –  басқару 
тәжірибесін  реттейтін  камералистиканың,  өзіндік  сипаттаушы  әкімшілік 
пәннің пайда болуы. Ол әкімшілік басқарудың сот ісін жүргізуден бөлінуіне, 
әрі  қарай  әкімшілік  басқару  ғылымы  мен  әкімшілік  құқық  ғылымына 
бөлінуіне ықпал етті [4, 5, 6]. 
Басқару  туралы  ғылымның  даму  үдерісі  басқару  теориясының  дамуын 
тежейтін  ішкі  қарама-қайшылықтармен  бірге  жүреді.  Бұл  дамуға  ықпал 
ететін  факторлар  өндірістің  қарқынды  дамуы,  оны  жетілдіру  мен  қарқынды 
жүргізу  жолдарын  табысты  ұлғайту  негізі  ретінде  іздестірумен  байланысты 
болады.  Бұл  себептердің  барлығын  білу  –  басқару  ғылымының  даму  тарихы 
туралы  дұрыс  түсінік  үшін  қажет.  Тек  соңғы  жылдарда  ғана  оның 
теориясының  дамуындағы  ең  нәтижелі  кезең  болды,  дегенмен  мұндай 
мәселенің  маңыздылығын  ескере  отырып,  оны  көптеген  жылдар  бұрын 
күтуге болатын еді. 
Коммерциялық іс-әрекет жүздеген жылдар бойы құрметке ие болған жоқ, 
ұят  шаруа  болып  есептелінді.  Аристотель  сату-сатып  алуды  «ақшаны 
жасанды  табу»  деп  атады.  Мұндай  іс-әрекетке  теріс  қатынас  (көзқарас)  өте 
берік  болып,  біздің  уақытымызға  дейін  жетті.  Бұл  –  басқару  ақыл-ой 
прогресінің  тежелу  себептерінің  бірі.  Екінші  себебі  экономикалық  және 
әлеуметтік  ғылымдармен  айналысқан  ғылымдар  өздерінің  зерттеулерінде 
әкімшілік  басқару  мәселелерін  қарастыруды  ескермеуінен,  өндірістің 
экономикалық  мәселелерімен  және  саяси  жақтарымен  шектеліп  қалғанынан 
көрінеді. 
Сондай-ақ 
басқа 
ғылымдардың, 
мысалы, 
психологияның 


мәліметтерін  басқаруды  жақсарту  үшін  қолданудағы  қиындықтар  да 
кездеседі.  Басқару  ұзақ  уақыт  бойы  ешқандай  да  ғылым  емес,  тек  қана  өнер 
деп  есептелінді.  Басқарушылардың  өздерінің  зейіні  «технология»,  «баға», 
«кіріс»  сияқты  ұғымдарға  аударылып  келді.  Басқару  теориясы  саласындағы 
мамандардың пайда болуы және олардың өндірісті ұйымдастырудағы дербес 
әрі маңызды рөлін тану осы ұйым иелерінің, кәсіпкерлердің билігін шектеуді 
білдіретін еді, әрине, бұл соңғыларына жақпады [7, 8]. 
Басқару 
психологиясы 

өндірістердегі, 
корпорациялардағы, 
фирмалардағы, т.с.с. іс-әрекетті басқарудың жалпы психологиялық жақтарын 
арнайы  зерттейтін  әрі  модельдейтін  сала.  Басқару  психологиясы  іс-әрекетті 
арнайы басқарудың және психологиялық жағдайдың талдамалы модельдерін 
және  еңбектің  сапасын  көтеруге  бағытталған.  Басқару  психологиясы  — 
басқару  жүйелеріндегі  (мемлекет  басқару,  ұйым,  мекеме,  топ,  ұжым  және 
т.б.)  адамдардың  қатынастарына  байланысты  мәселелерді  зерттейтін  және 
білімдерді жинақтайтын қолданбалы психологияның саласы. 
Басқару психологиясының шығу тарихы 
1-ші  кезең  ХХ  ғ.  басы  Ф.Тейлор  (тейлоризм).  Өңдірісті  ғылыми  тұрғыда 
басқаруға негізделген. 
2-ші  кезең  ХХ  ғ.  А.Файолдың  басқару  принципі,  яғни  қазіргі 
менеджменттің атасы. Иерархиялық желілік функционалдық басқару жүйесі. 
3. ХХ ғ. 30-40жж. Жаңа классикалық кезең. 
4.  50-60жж.  Сандық  мектебі.  Басқаруда  қазіргі  заманғы  сандық  әдістерді  
қолданады. 
5.  70ж.  Жүйелі  басқарудағы  тәсілдеме.  Ұйымдастырылған,  дамыған, 
ашық түрдегі жүйе. 
6. 80ж.Ситуациялық баcқарудағы тәсілдеме. 
Тәсілдеменің  өнімділігі  3  өлшемді  кеңістікте  жүреді.  Жағдай,  қарым  – 
қатынас, нәтиже . 
7.90ж. 
Үш 
үрдіс 
қалыптастырады:техникалық 
тәсілдеме,ұйымдастырушылық  тәсілдеме,халықаралық  сипатты  бақылауды 
күшейту. 
Басқару  психологиясы  әлеуметтік  психологияның  қазіргі  кездегі  негізгі 
тарауларының  бірі,  ол  әртүрлі  әлеуметтік  құрылымдардағы  адамдардың  бір-
бірімен қарым-қатынас мәселесін зерттейді. 
Басқару  мәселесін  құрумен  ғылымның  әртүрлі  салалары  айналысады: 
информатика, 
юристпруденция, 
философия, 
психология, 
педагогика, 
эргономика,  социология  т.б.  Жалпы  басқару  теориясы  кибернетика  мен 
теория  жүесінде  құрастырылады.  Кибернетика  Kibernetika  (грек  тілінде) 
басқару  өнері.  Manedgment  –  (латын.  manus  -  қол)  –  ағылшын  термині 
«басқару» терминінің синонимі.  
Адам  іс-әрекетінің  практикасында  басқару  ғылыми  зерттеу  пәні  болмас 
бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған. 
Ертедегі  Египетте  біздің  эрамызға  дейін  мың  жыл  бұрын  басқару 
үрдістерін  орталықтандыру,  бақылау,  ұйымдастыру,  жоспарлау  қажеттігі 
мойындалған.  Онсыз  әлемге  әйгілі  Египет  пирамидалары,  ертедегі  ацтекс 


қалалары  секілді  архитектуралық  құрылыстар  салынып  күрделі  діни 
орталықтар мысалы рим-католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді. 
Басқару  теориясы  жеке  ғылыми  пән  ретінде  ХХ  ғасыр  басында  беки 
бастады.  Басқару  үрдісі  белгілі  бір  нәтижеге  жету  жолындағы  адамдардың 
жалпы  іс-әрекеті  атқарылатын  жерде  жүргізіледі.  Басқару  дегеніміз-  топқа, 
қоғамға  немесе  оның  жеке  бөліктеріне  тәртіптендіру  үшін  немесе  сапалық 
спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі түрінде анықтама. 
б)  басқару  барлық  динамикалық  жүйелерде  жалпы  заңдылықтар  бойынша 
жүргізіледі  де  информацияны  алуға  өңдеуге  және  беруге  негізделген. 
(әлеуметтік,  психологиялық,  биологиялық,  техникалық  экономикалық, 
административтік).  Әлеуметтік  жүйеде  басқарудың  негізгі  белгісі  болып 
субъектінің  (басқарушы)  мәліметті  бағалап  анализдеу  негізінде  күрделі 
жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі. 
1885-1920  ж.  басқарудың  ғылыми  мектебі  негізін  салушылар  Ф.Тэйлор, 
Ф.Гилбрет, Л.Гилбрет, Г. Эмерсон, Генири, Кант. Олардың пікірінше басқару 
-  бұл  ерекше  мамандық  ал  ол  туралы  ілім  өзбетінше  пән.  Негізгі 
ерекшеліктері: ғылыми басқару мектебін ұстанушылар логикалық талдау мен 
бақылауды  қолдана  отырып,  жұмысты  тиімді  орындау  үшін  жекелеген 
операцияларды ғылыми жетілдіруді ұсынады. Ғылыми басқару методының 1-
ші  фазасы  –  жұмыстыңазмұнын  талдау  ж/е  оның  негізгі  компонентін 
анықтау.  Негізгі  ғылымға  қосқан  үлесі  өндірістің  өнімімен  көлемін  үлкейте 
отырып,  жұмысшыларды  белсендіру  мақсатымен  стимуляциялауды  жүйелі 
қолдануды ұсынды. Бұл басш 
ылардың 
өндірістік 
нормаларды 
қалыптастыруға мүмкіндік беруі. 
1920-1950 ж. Басқарудағы административтік классикалық мектеп. Негізін 
салушы  А.Файоль-  француздың  ірі  компаниясын  басқарушы.  Оның  жолын 
қуушылар  Л.  Урвик,  Д.Мунк,  Э.  Реймс,  О.Шелдон,  Джеймс  Мони. 
Ерекшелігі -басқарудың әлеуметтік аспектілеріне көп көңіл бөлген жоқ. Осы 
мектептің  жасауымен  басқарудың  универсалды  принціпі  құрылды.  Бұл  екі 
негізгі аспектіні қамтиды: 
-ұйымды басқарудың рационалды жүйесі. 
-жұмысшыларды басқарумен ұйымның құрылымын жасау. 
Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  мектеп  1930-1950;  мінез  құлық 
туралы ілім тұрғысынан (1950 – осы кезеңге дейін). Негізін салушылар М.П. 
Фоллет,  Г.Мюнстерберг,  М.Вебер,  Э.  Дюрнгейм.  Гелтон  Мейо.  Одан  кейін 
жүріс-тұрыс,  адамның  мінез-құлқын  зерттейтін  ғылым  болып  есептелді. 
Адамзат  қатынасы  үшін  қозғалыс  ұйымдарының  эфективтік  негізгі  элементі 
ретінде адамзат факторын қарастыру нәтижесі ретінде дамыды.  
Менеджмент  –  басқа  адамның  көмегімен  жұмысты  орындауды 
қамтамасыз  ету.  Ғылымға  қосқан  үлесі  –  адамзат  ресурстарының 
эффективтілігін  өсіру  арқылы  ұйымның,  басқарудың  нәтижелігін  арттыру 
фактілерін тұжырымдады. Бұл мектеп кең тараған мектеп болып саналады. 
Басқарудағы  сандық  әдістер  мектебі  (1950  –  осы  кезге  дейін).  Бұл 
мектептің  сіңірген  еңбек  негізгі  операцияларды  зерттеу  әдістемесінен 
тұрады.  Бұл  әдістің  дамуына  компьютерлік  технология  дамуы  түрткі  болды. 


Өз  принциптерін  жасауда  математикалық,  статистикалық  мәліметтерді 
қолдады.  Негізгі  есімі:  Фрейдрих  Гейлор.  Бұл  мектептің  жұмыстарының 
нәтижесі  де  басқару  моделі  жасалды.  Осы  моделді  қолдану  нәтижесінде 
күрделі  басқару  мәселесі  терең  зерттелді.  Конфликт  жағдайда  ұйымдағы 
кризистік  кезеңдерде  шешім  қабылданған  басшыларға  көмек  ретінде  сандық 
әдістерді басқару моделін қолданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет