5.4.3. Тапсырма айнымалыларын ортаға көшіру Тапсырманы орындау барысында «=» операциясы көмегімен мәндер
меншіктелген айнымалылар тек тапсырма ішінде және тек
тапсырманың орындалу кезінде қолжетімді. Осындай айнымалылар
жергілікті тапсырманың орындалуында сыртқы ортадан оқшауланған
болып қарастырыла алады.
Кейбір тапсырмалармен инициализацияланған айнымалыларды дәл
сол командалық интерпретатор ортасында орындалатын басқа
тапсырмаларға қолжетімді ету үшін айнымалыларды ағымдағы
тапсырманың ортасына көшіру командасын қолдануға болады.
Тапсырма ортасына айнымалыларды көшіру export командаcымен
жүргізіледі. Оны шақыртудың екі түрі бар:
2) export < айнымалы аты > = <мән> — айнымалыға мән
меншіктейді және айнымалылар ортасының алаңына көшіреді.
Тапсырманы орындау ортасында жарияланған айнымалылардың
жиынтығы әдетте осы тапсырманың айнымалылар ортасының жинағы
деп аталады. Барлық жарияланған айнымалыларды қарау үшін set
командасы қызмет етеді:
$ set
PATH=/bin:/sbin:/usr/sbin
PWD=/home/nick
TTY=/dev/tty6
Командалық интерпретатордың жаңа көшірмесін жіберуде
(мысалы, орындалатын bash файлын шақыру көмегі арқылы )
анықталған барлық айнымалылар ортасы қалады. Сонымен қатар,
командалық интерпретатор дәл сол айнымалылардың жаңа көшірмесін
алады. Командалық интерпретатор ортасындағы айнымалы мәндерінің
өзгеруі тек өзінің орындалу ортасына әсер етеді, бірақ шақырып
отырған
командалық
интерпретатордың
орындалу
ортасын
өзгертпейді.
Осылайша, пайдаланушымен келесі диалогта А мәнімен айнымалы
ортасы анықталады, одан кейін командалық интерпретатордың жаңа
көшірмесі іске қосылады, онда айнымалының мәні MYVAR иеленеді, содан соң қайта анықталады. Жаңа командалық интерпретаторды
аяқтағаннан кейін және алдыңғы мәнге қайта келгесін MYVAR
айнымалысы қайта қалпына келеді. Келесі мысалда пайдаланушымен