5.4.4. Айнымалылардың мәндеріне қолжетімділік Айнымалының мәнін меншіктеу келесі құрылым көмегімен жүзеге
асады:
<айнымалының аты>=<мән>
немесе
let <айнымалының аты>=<мән>
Мәнді меншіктеуде ескере кететін жағдай, айнымалы атауы мен
теңдік белгісі арасында, сондай-ақ теңдік арасы мен мән арасында бос
орын қалдырылмайды.
Тапсырманы орындау кезінде айнымалы мәніне қолжетімділік алу
үшін «$» алмастырып қою операциясын қолдану қажет. Тапсырма
мәтінінде айнымалының атауын тікелей көрсету жолақ ретінде
қабылданады. Егер атауды алмастырып қою операциясымен алдын
алса, тапсырманы орындау кезінде айнымалы мәнін алмастырып қою
«$» таңбасынан кейін атауды көрсету арқылы жүргізіледі. Оны мысал
ретінде түсіндірейік: