WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ТАПСЫРМАНЫ БАСҚАРУ ТІЛІ 5.9.1. Windows командалық интерпретатор Дәл Linux секілді, Windows операциялық жүйелері командалық
интерпретатор интерфейсімен жұмыс жасайды. Көбіне оның қасиеттері
MS DOS операциялық жүйесінің командалық интерпретаторынан
алынған және UNIX/ Linux операциялық жүйелеріне тән
ерекшеліктермен толықтырылған. Бұл бөлімде Windows операциялық
жүйелеріндегі Windows XP жүйесінде орындалған командалық
интерпретаторға негізделген қосалқы жүйенің кейбір қасиеттерін
қарастырамыз.
Windows операциялық жүйелерінде Windows NT ядросына
негізделген командалық интерпретаторды іске қосу үшін cmd.exe
бағдарламасы қолданылады. Командалық жолақ интерфейсін жүргізу
үшін Іске қосу (Start) мәзірін ашу керек, мәзірден Орындау (Run)
тармағын таңдап, бағдарламаны cmd.exe іске қосамыз.
Командалық интерпретаторды іске қосқан соң, стандартты
жұмысқа шақыру терезесі ашылады. Windows XP операциялық
жүйелерінде мұндай шақырту келесідей болады:
Microsoft Windows XP [Version 5.1.2600]
(C) Copyright 1985-2001 Microsoft Corp.
C:\>
Бірінші екі жолақ пайдаланушы операциялық жүйенің нұсқасы
туралы ақпараттандырады және Microsoft фирмасының артықшылыққа
ие құқықтарымен таныстырады. Соңғы жолақ командаларды енгізуге
арналған стандартты шақырту немесе пайдаланушыдан тапсырма алуға
арналған шақырту болады.
Бұл интерпретаторда командаларды енгізу Linux операциялық
жүйелеріндегі деректерді енгізумен бірдей. Мысалы, операциялық
жүйенің нұсқасын келесі жолмен шығаруға болады: