мәндеріне ғана емес кіріктірілген айнымалылардың мәндеріне де
қолжетімділік алуға болады.
Айнымалыларға белгілі мәндерді меншіктеген кезде барлық
таңбаларды тікелей қолдануға болмайды, өйткені кейбір таңбалар
қатары резервтелген және жүйе оларды командалар немесе қызметтік
символдар деп белгілейді. Оларға @, <, >, &, | жатады. Егер осы
таңбаларды айнымалыларды белгілегенде пайдалану қажет болса, олар
« » жақшаға алынулары тиіс.
set var=login
A
@e-mail.com
Айнымалылардың мәні ретінде тек жолақтарды емес, сандарды да,
арифметикалық өрнектерді де қолдануға болады. Сандық мәндерді
меншіктеу үшін set/а конструкциясы қолданылады. Математикалық
өрнектерде тек -231 бастап 231 – 1 дейін диапазоны аралығындағы
толық сандар қолданыла алады.
Өрнектерде арифметикалық операцияларды да қолдануға болады,
олар + (қосу), - (алу), * (көбейту), / (бөлу), % (бөлгеннен қалған
қалдық). Сонымен қатар біріктірілген, меншіктеу операторлары бар +=
(қосы және меншіктеу), - = (алу және меншіктеу), *= (көбейту және
меншіктеу), / = (бөлу және меншіктеу) және % = (бөлуден қалдықты
алу және меншіктеу).
set /a var=1
set /a res=%a%+%b%
set /a total+=1
set /a count*=(%amount%+1)
Алдында анықталған жергілікті айнымалыны өшіру үшін келесі
команда қолданылады:
set <айнымалының аты>=
жергілікті айнымалылар командалық қабықтың тек ағымдағы
данасына ғана және осы ағымдағы данадан туындаған қабықтың
даналарына да қолжетімді. Бірақ егер де кейбір айнымалыларды
қабықтың ағымдағы данасының деңгейінде ғана емес, басқа да
жергілікті деңгейде локальды ету қажет болса, онда мына
командаларды қолдануға болады: setlocal және endlocal. Айнымалы
қабатында аумақтың ішінен пайдаланушы жасаған кез-келген
өзгертулер, endlocal команданы орындалғаннан кейін іске аспай
қалады. Осы командаларды пайдалану мысалын қарастырайық: