Командалық жолақ параметрлері тікелей қолданумен қатар, оларға
арнайы модификаторлар қолдануға болады. Бұл модификаторлар
командалық жолақ параметрлерінен файлдар, каталогтар аттарын,
сәйкес файлдар және т.б. жасау уақытын ерекшелеу үшін қызмет етеді.
Модификаторларды қолдану үшін %~ тізбегі пайдаланылады, одан
кейін осы модификатор қолданылатын параметрдің модификаторы мен
позициялық номері жүреді. Командалық жолақ параметрлерінің
модификаторлар тізімі 5.1-кестеде келтірілген.
Модификаторлар тек жеке емес, бір-бірімен бірлесіп те
пайдаланыла алады. Мысалы, %~nx1 комбинациясы бірінші параметрді
бөлшектейді, оның ішінен файл атын, кеңейтілуін алады, ал %~ftza1
комбинациясы консолға бірінші параметрді dir команданы шығаратын
үлгіде шығарады.