5.9.5. Тапсырманы орындау қадамын басқару Windows бағдарламаны орындау қадамын басқарудың бірнеше сан
алуан механизмдерін қолдайды. Бұл командаларды, командалар тобын,
командалардың шартты орындалуын сонымен қатар орындалу мен
айналымдардың шартты операторларының орындалу механизмдері.
Командаларды орындаудың тізбектей және шартты орындау
құралдары Linux жүйесінде анықталған құралдарға өте ұқсас. Осы
құралдардың қысқаша сипаттамасы 5.3-кестеде келтірілген.
Бұл операцияларды қажет болса бір жолақта жинақтауға болады.
Сонымен қатар, тек бір ғана операциялардың пайдаланылуын ғана
емес, бір командаға бірнеше түрлі операцияларды біріктіруге рұқсат.
Мысал ретінде төмендегі командалардың пайдаланылуын қарастыруға
болады:
(((cd c:\logs && dir) > list.txt 2>&1) || echo Unable
to get list of logs) & start list.txt
Осы мысалда c:\logs каталогына ауысу әрекеті жасалады. Егер осы
операция сәтті аяқталса, онда ағымдағы каталогтағы файлдар тізімін
алу үшін dir команданы орындалады да осы тізім list.txt файлында
жазылады. Егер операциялардың біреуі сәтсіз аяқталса, консалға
«Unable to get list of logs» хабарлама шығады, ал list.txt файлына пайда
болған ауытқу туралы жүйелік ақпарат жазылады. Командалар
деректері жұмыстары аяқталғаннан кейін .txt (мысалы, notepad)
кеңейтілуімен байланыстырылатын қосымша жіберіледі және оған
list.txt файл параметр ретінде беріледі.