1.1.2 Операциялық жүйелердің жіктемелері Ядроның құраушы бөліктерінің күрделілігі және олар жүзеге
асыратын қызмет түрлері бірінші кезекте бір сәтте ОЖ қызмет
көрсетілетін пайдаланушылар санына және бір мезгілде қатар
орындалатын процестер санына тәуелді. Сол себепті ОЖ жіктелуін
осы екі параметр бойынша жүргізіп ядро құраушыларын ОЖ әр
типінде қарастырамыз.
Бір мезетте қызмет көрсетілетін пайдаланушылар санына байланыста операциялық жүйелер бір пайдаланушылы (бір мезетте бір
пайдаланушының сеансынан артық қабылдамайды) және көп
пайдаланушылы (бір мезетте бірнеше пайдаланушыны сүйемелдейді).
Көп пайдаланушылы жүйелер пайдаланушы деректерін басқа
пайдаланушылардың
санкцияланбаған
қолжетімділіктерінен
қорғанысын қамтамасыз етіп қана қоймай бірнеше пайдаланушыларға
ортақ мәліметтерді бөлу құралын ұсынады.
ОЖ бұл түрлерінің ерекшеліктерін толықтай қарастырайық.