Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет15/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

15
 
 
Бір  мезетте  орындалатын  процестер  санына  байланысты 
операциялық жүйелер бірмақсатты (жұмыс істейтін процес саны біреу) 
және  көпмақсатты  (жұмыс  істейтін  процестер  саны  көп)  болып 
бөлінеді.  Көпмақсатты  жүйелердің  бірмақсатты  жүйелерден  негізгі 
айырмашылығы  ресурстарға  қолжетімділікті  басқару  құралының  бар 
болуы — ресурстарды бөлу және қолданыстағы ресурстарды блоктау. 
 
Бір  пайданаланушылы  ОЖ.  ОЖ  бұл  түрі  пайдаланушының  тек 
бір  сеансын  сүйемелдеуді  қамтамасыз  етеді. 
Пайдаланушы 
жұмысының жаңа сеансы тек алдыңғы сеанс біткен соң ғана басталай 
алады.  Бұл  жағдайда  пайдаланушының  жаңа  сеансында  дәл  сол 
ақпараттық орта сақталады.  
 
Бірпайдаланушы  ОЖ  тарапынан  қарағанда  пайдаланушыларды 
ажырату  мүмкін  емес,  сол  себепті  егер  бұндай  операциялық  жүйемен 
бірнеше  пайдаланушы  жұмысын  бастаса,  ол  әрқайсысына  барлық 
ресурстарға  қолжетімділікті  қамтамасыз  етеді  және  сол  ақпараттық 
ортаның  өзіне  де  қолжетімділікті  қамтамасыз  етуі  ықтимал. 
Пайдаланушы өзінің бірегей деректерімен, мысалы салынбалы дисктегі 
мәліметтерімен  жұмыс  жасай  алады.  Осындай  жұмыс  жағдайында 
жұмыс сеансының ақпараттық ортасы жүйеде әртүрлі болады.  
Бір  пайдаланушылы  ОЖ  сеанстарымен  басқару  жүйесі  құрамына 
тек  бастамалау  құралы  және  пайдаланушының  ақпараттық  ортасын 
қолдау  құралы  кіреді.  Бұған  қоса  көптеген  бір  пайдаланушылы  ОЖ 
(мысалы,  DOS)  пайдаланушы  сеансын  бастапқы  жүктемелеу  сәті 
бірден ядроны және сценарийлерді жүктегеннен кейін басталады.   
 
Сеансты аяқтау  сәті  ОЖ  ядросын  жадыдан шығару  сәтімен  сәйкес 
келеді  (ОЖ  жұмысын  аяқтар  алдында  немесе  құрылғыны 
тоқсыздандыру  нәтижесінде).  Осылайша,  пайдаланушы  сеансының 
өмір  сүру  уақыты  ОЖ  шамамен  жүйенің  жұмыс  жасап  тұрған 
уақытына тең. 
 
Пайдаланушыларды  ажырата  алмау  салдарынан  сеанстарды 
басқару  жүйесі  және  файлдық  жүйе  айтарлықтай  шамада 
жеңілдетіледі.   Бірпайдаланушылы  ОЖ  сеанстарын басқару  жүйесінің 
ішіне  пайдаланушылардың  идентификациясы  мен  аутентификациясы 
құралдары кірмейді, сонымен қатар олардың сеанстарының ақпараттық 
ортасын  қорғау  құралдары  да  жоқ.  Бірпайдаланушылы  ОЖ  файлдық 
жүйесіне  ереже  бойынша  файлдар  мен  каталогтарға  қолжетімділікті 
шектеу  күрделі  механизмдері  жатпайды,  бірақ  файл  жүйелерінде 
файлдар  мен  каталогтармен  және  олардың  атрибуттарымен  жұмыс 
режимін білдіретін жалғаулар болуы мүмкін.  
 Операциялық  жүйенің  тек  бір  пайдаланушының  жұмыс  сеансын 
қолдауы бір мезгілде пайдаланушының бірнеше тапсырмасын орындау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет