Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет151/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

149 
 
 
 
ТАРАУ
 
 
ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ФАЙЛЫ 
 
 
UNIX ЖӘНЕ WINDOWS КАТАЛОГТАРЫНДА 
ЖҮЙЕНІҢ СТАНДАРТТЫ ҚҰРЫЛЫМЫ 
 
UNIX    сияқты  операциялық  жүйелерде  жеке  ақпараттарды  сақтау 
үшін  7.1.  суретте  көрсетілген  каталогтардың  стандартты  құрылымы 
пайдаланылады. 
 
Нақты  операциялық  жүйені  іске  асыруға  байланысты  келтірілген 
құрылымнан  кейбір  айырмашылықтар  болуы  мүмкін,  мысалы  SunOS 
және Solaris операциялық жүйелерде  /opt каталогы қатысады.
 
/Вin  каталогы  базалық  жүйелік  утилиттерін  сақтау  үшін  қызмет 
етеді.  Әдетте,  бұл  утилиттер  негізгі  жүйелік  кітапханаларда  болмаған 
жағдай да орындалуы мүмкін.  /Вoot каталогтарында жүктелімге қажетті 
ақпараттар  мен  операциялық  жүйенің  ядро  файлдары  сақталады.  /Dev 
каталогы  құрылғыларға  (7.2  бөлімшені  қараңыз)  қаратулар  болуының 
көмегімен арнайы файлдарды құрайды. Бұл каталогта болатын әр файл, 
қандай  да  бір  файлға  сәйкес  келеді.  Файлға  ақпараттарды  жазу,  осы 
ақпараттарды  құрылғыға  берілуін  шақырады,  ал  оқу  –  құрылғыдан 
ақпараттарды  оқуды      /Еtc  каталогы  баптау  файлдарын  және  
файлдардың  пішін  үйлесімін  сақтауға  арналған.  /Home  каталогында 
пайдаланушылардың  үй  каталогтары  тұрады  (келесі  тарауды  қараңыз). 
/Lib  каталогы  жүйелік  кітапханаларды  сақтау  үшін    ал  /lib/modules  — 
жүйешелер  мен  драйвер  ядроларының  жүктелімі  аяқталған  соң, 
операциялық  жүйенің  ядролар  модулін  сақтауға  арналған.  /Proc 
каталогы  құрылғылардың  параметрлерін  қарау  және  ОЖ  ядро 
кестелеріне қолжетімділік мүмкін болатын, арнайы файлдарды құрайды.  
/Sbin каталогы жүйе әкімшісіне арналған жүйелік утилиттарді сақтайды. 
/Tmp уақытша файлдарды құрайды.  
/Usr  каталогында  жүйелікке  қатысы  жоқ  және  операциялық  жүйе 
қондырмасының  жинағына  кіретін  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді 
құрайды. /Usr/bin, /usr/sbin, /usr/lib каталогтары жоғары деңгейдің сәйкес 
каталогтары  тәрізді.  /Usr/doc  каталогында  ОЖ  жеткізілім  жинағына 
кіретін  бағдарламалық  қамтамасыз  ету  құжаттары  сақталады,  /usr/share 
каталогында  ақпараттардың  бөлінетін  файлдары  сақталады.  /Usr/indude 
каталогы  алдымен  өңдеушілерге  қызықты—  онда  басты  h-файлдар 


150 
 
 
құралады.
 
 
 
/var  каталогында ОЖ ағымдағы жұмыстармен байланысты файлдар 
сақталады.  /Уar/lock  каталогы  енді  бос  емес,  бөлінбейтін  ресурстарға 
қолжетімділікті  алдын  ала  құлыптайтын  файлдарды  құрайды.  /Уar/log 
каталогы  ОЖ  жұмысы  кезінде  болған  оқиғалардың  барлық  деректері 
жазылатын, жүйелік журналдарды сақтауға арналған. /Уar/run каталогын 
қазіргі  уақытта  сол  немесе  басқа  утилиттің  қосылғанын  көрсететін 
файлдар  құрайды.  /var/spool  каталогы  мөр  басатын  тапсырмалар  мен 
пошталық хабарламалар буферін құрайды. 
 
Windows  XP  тобының  операциялық  жүйелерінде  каталогтар 
 
7.1- сурет. кәдімгі UNIX-жүйе каталогының құрылымы 
 


151 
 
 
құрылымы 7.2. - суретте көрсетілгендей түрге ие. 
 
Profiles  каталогында  жүйеде  тіркелген,  әр  пайдаланушыларға 
арналған баптаулар сақталады. Administrator папкасында жүйе әкімшісі– 
пайдаланушысының  баптаулары  сақталады,  All  Users    папкасында 
жалпы  барлық  пайдаланушыларға  арналған  баптаулар  сақталады. 
Default  User  папкасында  жаңадан  жасалатын,  пайдаланушылардың 
барлығына қолданылатын әдеттегі баптаулар сақталады. 
 
Program Files каталогында әдетте, жүйе пайдаланушылардың немесе 
әкімгерлердің орнатылған бағдарламалары сақталады. 
 
Windows каталогында операциялық жүйенің негізгі баптаулары, сондай-
ақ  операциялық  жүйеде  орындалатын  негізгі  файлдар  сақталады.  Fonts 
каталогшасы, жүйеде орнатылған барлық қаріптерге, ал Help папкасы— 
жүйенің  анықтамалық  файлдарына  ие.  System  және  system  32 
папкасында  негізгі  жүйелік  утилиттер,  басқару  панелінің  апплеттері, 
операциялық 
жүйелердің 
алдын 
ала 
орнатылған 
утилиттері 
(калькулятор,  символдарды  қарау  және  т.б.)  және  басқа  утилиттер, 
бағдарламалар сақталады.  
 
 
 
 
7.2- сурет. Windows XP кәдімгі жүйесінің каталогтар құрылымы 
 


152 
 
 
7.3- сурет. Windows Vista и Windows 7 кәдімгі жүйесінің каталогтар 
құрылымы
 
 
 
 
Windows  Vista  және  Windows  7  тобының  операциялық  жүйелерінде 
каталогтар  құрылымы  Windows  XP  салыстырмалы  түрде  өзгерді  (7.3- 
сурет).
 
Profiles каталогының орнына  Users каталогы қолданылады. All Users 
папкасы  жоғалып  кетті,  оның  орнына  жүктелім  дискісінің  түбір 
каталогында  ProgramData  папкасы  пайда  болды.  Ал  Users  каталогында 
алдыңғы  нұсқамен  үйлесімділікті  сақтау  үшін  ProgramData  папкасына 
көрсететін  All  Users  атты  сілтеме  пайда  болды.  Default  папкасы,  енді  
Default  User  папкасының  орнына  қолданылады,  ал  Users  папкасындағы 
үйлесімділік  үшін  Default  пакасына    Default  User  сілтемесі  жасалды.  
Қалған  файлдық  жүйе  құрылымында  елеулі  өзгерістер  болмады  және 
өзінің бұрынғы ұйымдастырылуын сақтап қалды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет