Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет156/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

 
 
 
ФАЙЛДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ 
 
UNIX  –  жүйесіндегі  пайдаланушыға  қолжетімді  каталогтар  мен 
файлдар,  каталогтардың  тұтас  иерархиялық  жүйесінің  көмегімен 
құрылған.  Егер  бұл  жүйені  оның  логикалық  құрылымы  тұрғысынан 
қарасақ  —  пайдаланушыға  жинақтағыштағы  файлдардың  физикалық 
таралу  мәселелері  жасырын  болып  қалады  —  каталогтардың  тұтас 
құрылымы,  әр  түрлі  дискідегі  файлдарды  біріктіре  алады.  Сонымен 
қатар,  физикалық  бір  дискіде  орналасқан  файлдар  мен  каталогтар, 
жалпы жүйеде ағаш тәрізді ұсынылады. Бұл дискінің физикалық түбірі 
каталог құрамы, жалпы жүйенің кейбір каталогтары түрінде ұсынылады. 
Нақты физикалық тасымалдаушыда сақталатын файлдардың таралуына 
қатысты  каталог,  құрастыру  нүктесі  деп  аталады,  ал  дискі  құрамы  - 
операциялық жүйенің пайдаланушысына қолжетімді болатын процестің 
өзі — дискіні жөндеу деп аталады. 
 
7.4.  суретте  тұтас  файлдық  жүйеге  құрастырылған  3  дискілік 
жинақтағыш  көрсетілген  —  hda1,  hda2  и  sda1.  Сонымен  қатар, 
құрастыру  нүктесі  -  home  каталогы  және  usr  каталогы,  түбірлі  каталог 
болып табылады, яғни hda1 дискісі негізгі каталогтар жүйесін құрайды, 
home  және  usr  каталогтарына  hda2  және  sda1  дискісін  құрайтын 
каталогтар  құрастырылады.  физикалық  дискілер  әр  түрлі  файлдық 
жүйеге  ие,  бірақ  олар  бәрібір  тұтас  файлдық  жүйеге  біріктіріледі. 
Мысалы,  UNIX-ұқсас ОС Linux үшін стандартты файлдық жүйе ретінде 
ext2,  ал  CD-  дискілер  үшін  стандартты  файлдық  жүйе  болып  ISO  9660 
қызмет етеді.
 
CD-жетектер  және  басқа  да  ауысатын  жинақтағыштар  —  жұмыс 
процесі кезінде құрастыруды талап ететін құрылғының негізгі түрлері. 
 
CD-  ROM-  да  орналасқан  файлдарға  қол  жеткізу  үшін    оны  міндетті 
түрде  жетекке  салып  қана  қоймай,  оны  құрастыру  керек.  Тек  осыдан 
кейін ғана дискідегі файлдар қолдану үшін қолжетімді болады.  
 
 


156 
 
 
 
7.4-сурет. 
Физикалық 
тасымалдау  бойынша  каталог 
құрылымын тарату үлгісі 
 
 
 
UNIX-жүйелерінде 
дискіні 
құрастыру  үшін    mount  командасы 
қызмет  етеді.    Оны  қолдану  үшін 
келесі 
параметрлерді 
көрсету 
керек:  файлдық  жүйенің  түрі, 
құрастыру  нүктесі  және  дискілік 
жинақтағыштағы 
құрылғы 
файлының 
аты. 
Жинақтағыш 
құрылғысының  файлы  блогтық 
құрылғы  түріне  жатады  және  /dev 
каталогында орналасады. 
 
 
Linux  операциялық  жүйелері 
(devfs  орнатылған  кеңейтулерінсіз) 
үшін  құрылғыларды  атау  ережесі 
мынадай: 
 
■ 
IDE-жинақтаушысы 
hd- 
н;  
SCSI-жинақтағышы 
sd-н  
басталатын аттарға ие;
 
■ 
IDE-жинақтағыштары 
үшін 
шина    және  құрылғының 
қосылуы  көрсетіледі,  яғни  hda    Primary  Master  дискісіне  сәйкес 
келеді;  hdb  —  Primary  Slave,  hdc  —  Secondary  Master;  hdd  — 
Secondary  Slave.  SCSI  -  жинақтағышы  үшін  бақылаушыдағы 
құрылғының  нөмірі  көрсетіледі.  Басқаша  айтқанда,  sda  — 
бақылаушыдағы бірінші құрылғы, sdb — екінші және т.б.
 
■ 
Әдетте  жинақтағыш  емес,  ал  олардың  бөліктері  құрастырылатын 
болғандықтан,  бөліктер  жинақтағыштың  атынан  кейін  сан  түрінде 
көрсетіледі. Сонымен қатар, 1 — 4 бірінші бөліктер, 5-тен әрі қарай 
екінші бөліктердегі логикалық дискілерді береді. 
 
 


157 
 
 
Мысалы,    файл  Primary  Master  портына  қосылған  IDE-
құрылғысындағы екінші логикалық дискі үшін құрылғы /dev/hda6 атына 
ие  болады.  DOS  немесе  Windows-  ке  қолжетімді,  тек    бірінші  бөліктің 
тек біреуіне ғана бұл атау E дискісінің әрпіне сәйкес келеді:
 
dev/hdc жетегінде жатқан  CD-ROM дискісін құрастыру үшін келесі 
командаларды орындау қажет: 
 
mount -t iso9660 /dev/hdc /mnt/cdrom
 
мұнда  iso9660  —  файлдық  жүйенің  түрі  тип,  /dev/hdc  —  құрылғының 
атауы, /mnt/cdrom — құрастыру нүктесі.
 
Құрылғымен  жұмысты  аяқтағаннан  соң,  оны  құрастыруға,  яғни 
файлдық  жүйеден  өшіруге  болады.  Бұл    umount  командасымен 
жүргізіледі,  параметрі  ретінде  құрылғының  файлы  немесе  құрастыру 
нүктесі  көрсетіледі.    Алдыңғы  үлгіде  құрастырғандай,  CD-ROM-ды 
қайта құрастыру үшін келесі команданы орындау қажет: 
 
umount /dev/hdc
 
немесе
 
umount /mnt/cdrom
 
операциялық  жүктеу  кезінде  дискі  бөліктерін  автоматты  құрастыру 
үшін құрастыру реті мен құрастырылатын жинақтағыштар анықталатын 
/etc/fstab файлы қызмет етеді. 
 
Файл келесі параметрлерге ие: 
 
/dev/hda2 

ext2 defaults 

1
 
/dev/hdc 
/mnt/cdrom 
auto noauto,ro 

0
 
Файлдың  бірінші  бағанында  –  құрылғы  аты,  екіншіде  –  құрастыру 
нүктесі,  үшінші  –  файлдық  жүйенің  түрі,  төртіншісінде  –  құрастыру 
параметрлері  көресетіледі.  Defaults  параметрі  әдеттегідей  құрастыруды 
шақырады,    noauto  жүктелім  кезінде  файлдық  жүйені  құрастыруды 
болдырмайды, ro жинақтағышқа жазуға тыйым салады. Соңғы екі баған  
жүктелім кезінде жинақтағыш қабатын тексеру режимін басқарады. 
 
Егер дискілік жинақтағыш /etc/fstab файлында көрсетілсе, онда оны 
құрастыру үшін mount командасының параметрі ретінде, тек құрастыру 
нүктесін  көрсетсе  болады,  қалған  параметрлер  файлдан  оқылатын 
болады. 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет