177
Тақырыптық файлдардың орналасқанын іздеу үшін /I кілті
қолданылады. Мысалы, компиляциялау кезінде, келесі параметрлер
компилятор ..\include каталогтан тақырыптық файлдардан іздейтін
болады:
cl.exe /I"..\include" myprogram.c
Генерацияланушы шығатын файлдың атауын өзгерту үшін осы
файлды қайта анықтауға мүмкіндік беретін арнайы /OUT: кілтін
линкерге өткізген жөн. Сонымен қатар, опцияның компиляторға емес,
линкерге жіберілетіні туралы компиляторға хабарлау керек. Ол үшін
/link кілтін
қолдану керек, мысалы:
cl.exe myprograml.c myprogram2.c /link /OUT:myprog.exe
Компилятордың өзінің кілтімен де қолдануға болады:
cl.exe /Femyprog.exe myprogram1.c myprogram2.c
Бірақ әдетте мұндай ресімдер үшін компиляциялау процесі екі
қадамға бөлу — жеке компиляциялау және біріктіру үшін жасалады.
Компиляторға бұйрық шығару үшін жай шығыс файлын біріктірусіз
компиляциялау /c опциясымен қолданылады.
cl.exe /c myprogram1.c myprogram2.c
Осы командадан кейін екі файл генерацияланады— myprogram1.obj
және myprogram2.obj. Бұл файлдарды біріктіру және орындалатын
бағдарламаларды алу үшін келесі команданы беру қажет:
link.exe /OUT:myprog.exe myprogram1.obj myprogram2.obj
somelib.lib
Нәтижесінде, екі обьекті файлдан— myprogram1.obj және
myprogram2.obj — және бір кітапханадан — somelib.lib жиналған
myprog.exe бағдарламасы шығады. Статикалық кітапханалардың
файлдары .lib кеңейтулеріне ие болады.
Кітапханалардың файлдарының орналасқан жолдарын көрсету үшін
/LIBPATH: кілті қолданылады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген
мысалдағы бағдарламаны жинап, бірақ кітапханалардың іздеуде
қосымша каталогты беру үшін келесі команданы шақыру қажет:
link.exe /OUT:myprog.exe /LIBPATH:"..\libs"
myprogram1.obj myprogram2.obj somelib.lib
BASH сценарийін және С бағдарламасын біріктірілуін жоғарыда
келтірілген мысалдарда қарастырайық. Ол үшін тек Microsoft Visual
Studio және cmd.exe: командалық интерфейсін қолданамыз.