10.3.2. BASH СИГНАЛДАРЫ BASH интерпретатордың көмегімен, белгілі PID сигналдарын
тасымалдау үшін kill командасын қолдануға болады. Оны шақырудың
параметрлері мынадай:
kill -<мнемоника немесе сигнал нөмері >
Мысалы, процеске PID = 1046 бірге SIGKILL сигналды тасымалдау
үшін келесі сигнал нөмірін қолдануға болады:
kill -9 1046
Ал процеске PID = 1079 бірге, SIGINT сигналын тасымалдау үшін
оның мнемоникасын пайдалануға болады:
kill -SIGINT 1079
Кill командасын шақырған кезде, нөмірді немесе жіберілетін
сигналдың мнемоникасын көрсетпеуге де болады. Сонымен бірге,
SIGTERM сигналы жіберіледі.
Процестің BASH тілінде соңғы іске асырылған тапсырмасынан PID
алу үшін жүйелік айнымалы $! қолданылады. Белгісіз PID процесіне
сигналды жіберу қажет болса, алайда оның атауы белгілі болса,
туындайтын процестің іске асырылу нәтижесінде killall командасын
қолдануға болады. killall командасы параметрлермен берілген
сигналдарды барлық іске асырылған бағдарлама нәтижесінде
туындаған процеске жібереді, killall командасының іске қосылуы
параметрлермен беріледі. Команданы шақырту параметрі мынадай:
killall -<мнемоника немесе сигнал нөмері> <бағдарлама
аты>
Мысалы, timer бағдарламасының іске асырылуымен қосылған
процеске SIGALRM сигналын жіберу үшін killall командасын
келесідегідей қолдануға болады:
killall -ALRM timer
Кillall командасын шақырту кезінде дәл осылай жіберілетін сигнал
нөмірін көрсетпеуге де болады, сонымен қатар әдеттегідей SIGTERM
сигналы жіберілетін болады.