Аталған каналдар. Аталған каналдар да процесс арасында ақпарат
алмасуға арналған. Дегенмен кезек ретінде оперативті жады саласы
емес файлдың арнайы түрі қолданылады. Процестер бұл файлға
ақпараттарды жаза алады және оқи алады. Сонымен қатар,
операциялық жүйе, ақпарат алмасу үшін қолданатын барлық
процестерге атаулы каналдың тең құқылы қолжетімділігін береді.
Ұяшықтар (сокеттер). Сокеттер арқылы процес аралық өзара
әрекетесудің механизмдері, алдыңғы кезекте әртүрлі компьютермен
орындалатын процестердің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Әр
процесс ақпарат жаза алатын және оқи алатын ұяшықтар құрады.
Ұяшықтар бір-бірімен желі хаттамалары арқылы байланысады.
Процестер бір-бірімен өзара әрекеттесуі кезінде байланысқан
ұяшықтар арқылы ақпарат алмастырады, ал жүйе ядросы процестер
ақпаратын желі арқылы береді, әдетте, TCP/ IP хаттамалар қамшысын
және желілік адаптер драйверін қолданады.