мультимедиалық атқарымдардың кең қолдауына, жүйені қайта
қалпына келтіру қызметіне, көне бағдарламалар мен ойындармен
жақсартылған үйлесімділікке ие болды.
2006 ж. Windows Vista операциялық жүйесі жарыққа шықты. Бұл
жүйе DirectX негізінде жаңа пайдаланушы интерфейсін Windows Aero
қолдады, User Control (UAC) жүйесі пайда болды. Іс-әрекеттерді
бақылау Data Execution Prevention және Address Space Layout
Randomization (ASLR) және т.б. эксплойттарын қолданудың алдын алу
технологиясы қолданылды.
Көптеген жаңадан енгізілулерге қарамастан бұл нұсқа кең талқыға
түсті және әлем бойынша кең қолданысқа ие болған жоқ. Осы нұсқаны
алмастыру ретінде 2009 жылы Windows 7 операциялық жүйесі шықты.
Бұл жүйе жаңа DirectX 11-нұсқаға ие болды, ескі қосымшалармен
үйлесімділігі артты (Windows Vista салыстырғанда), жүйенің
пайдаланушылық интерфейсі өзгеріске ұшырады және т.б.
2012 ж. Microsoft фирмасы Windows 8 операциялық жүйесін
шығаруға дайындады. Бұл жүйе құрамындағы ерекшеліктер дауысты
тану
механизмдерінде
қосымша
жақсартулар
бар,
зиянды
бағдарламалардың енуінен қорғайтын жақсартылған жүйе, интерфейсі
өзгерген, Windows Phone 7 мобильдік нұсқасының интерфейсіне
ұқсайды, және т.б.
Операциялық жүйелердің пайдаланушыларға арналған нұсқасынан
бөлек Windows топтары серверлерге, деректерді өңдеудің үлкен
орталықтарына арналған арнайы нұсқалары бар. Пайдаланушыларға
арналған әр жаңа Windows нұсқасы шыққанда, әсіресе Windows NT
ядросы негізінде, операциялық жүйенің серверлік нұсқасы қатар
шығады (іс жүзінде сол ядрода). Осылайша келесідей серверлік
нұсқалар шықты, Windows Server 2003, Windows Server 2008, Windows
Small Business 2008, Windows Server 2008 R2, Windows Server 8.